Іріктеу ережелері

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
   
    Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті
   
    БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҮЛГЕРІМІН БАҒАЛАУДЫҢ РЕЙТИНГТІК ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
   
    Шымкент 2015
    ХГТУ Ғылыми кеңесінде бекітілген 31.08.2015 ж. Хаттама № 1.

1. Пайдалану өрісі

Осы «Білім алушылар үлгерімін бағалаудың рейтингтік жүйесі туралы ереже», бұдан әрі «Ереже» білім алушылардың оқу қызметін үздіксіз бақылау жүйесін пайдалану бойынша профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттердің, магистранттардың жұмысын реттейді және барлық кафедралар, деканаттар, басқа да құрылымдық бөлімшелер үшін міндетті болып табылады.

2. Нормативтік сілтемелер

2.1. 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы.
    2.2 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 бұйрығымен бекітілген ЖОО оқитын студенттерді ауыстыру және қалпына келтіру туралы ережелері.
    2.3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген (11.04.2013ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізулер бойынша) Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелері.
    2.4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген (28.01.2016ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізулер бойынша) Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың ережесі.
    2.5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген (13.05.2016ж. өзгерістермен) Қазақстан Республикасының білім беру деңгейіне сәйкес ҚР МЖБС Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
    2.6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген (19.12.2014ж. өзгерістермен) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары.
    2.7 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №506 бұйрығымен бекітілген ЖОО оқитын студенттерді академиялық демалыс беру туралы ережелері
   
2. Пайдаланылған қысқартулар, терминдер және анықтамалар
Қысқартулар

    GPA - Орташа үлгерім балы (Grade Point Average)
    БААР - Білім алушының академиялық рейтингісі
    МЖМБС - Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
    КТТО – Компьютерлік техника және тестілеу орталығы
    ТЖжЖСБ - Тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімі
    ЖР - Жіберілу рейтингісі
    ҚБР - Пән бойынша білім алушы қорытынды бақылауының рейтингісі
    СҒҚ - Студенттік ғылыми қоғам
    БАӨЖ - Білім алушының өзіндік жұмысы
    БАОЖӨЖ - Білім алушының оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысы
    ЖОЖ - Жеке оқу жоспары
   
    Терминдер мен анықтамалар
   
    Академиялық ұтқырлық – академиялық мобильдік - білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге:
    семестр немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра отырып өз ЖОО-сында немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру;
    Академиялық күнтізбе (Academic Calendar) – оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізу күнтізбесі;
    Академиялық кезең (Term) – үш нысанның біреуін таңдайтын білім беру ұйымының өз еркімен белгіленетін теоретикалық кезең:
    семестр;
    Білім алушының академиялық рейтингісі (Rating) – аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жасалатын білім алушының оқу бағдарлама пәнін игеру деңгейінің сандық көрсеткіші;
    Оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі;
    Қорытынды бақылау – қорытынды бақылау - емтихан түріндегі аралық аттестаттау кезеңінде жүргізілген оқу пәні бағдарламасын бағалау  сапасының мақсатын игеру, білім алушылардың оқудағы жетістігін бақылау;
    егер бірнеше академиялық кезеңдер барысында пәндер оқытылатын болса, онда оқытылған нақты академиялық кезеңде, пәндерге бөлімдер бойынша, қорытынды бақылау жүргізіледі;
    Білім алушының оқудағы жетістігі – оқу үдерісі кезінде алынған және тұлғаның даму деңгейінің көрсеткіші болатын білім алушының білімдері, біліктері, дағдылары мен құзыреттері;
    Білім алушылар – жоодағы оқуды жүзеге асыратын студенттер, магистранттар. Тіркеу офисі – білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет;
    Постреквизиттер (Postreguisite) – осы пәнді меңгеру аяқталған соң алынатын білім, білік және дағдыларды талап ететін пәндер;
    Пререквизиттер (Prereguisite) –оқытылатын пәнді меңгеруге қажет білім, білік және дағдылардан тұратын пәндер;
    Білім алушының ағымдық үлгерімін бақылау – академиялық кезең ағымында дәрістік және дәрістен тыс сабақтарда оқытушы өткізген оқу бағдарламасына сәйкес білім алушылар білімін жүйелі тексеру;
    Межелік бақылау – оқу пәнінің бір бөлімін (модуль) меңгеріп болғаннан кейінгі білім алушының меңгеру сапасын бағалау;
    Білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі БӨЖ) – өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде берілетін тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс;
    білім алушының санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ), магистранттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - МӨЖ) болып бөлінеді;
    БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күнсайын өзіндік жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен расталады;
    Білім алушының оқытушының жетекшілігіндегі өзіндік жұмысы (БОЖӨЖ) – бекітілген кесте бойынша өткізілетін білім алушының оқытушының жетекшілігіндегі дәрістен тыс жұмысы;
    Оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GPA) – таңдалған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы білім алушының оқу жетістіктері деңгейінің орташа есептелген бағасы (қосылған кредиттер санының пән бойынша қорытынды бақылау бағасының балдарының сандық эквивалентіне оқытудың ағымдық мерзімі үшін кредиттердің барлық санына қатыстылығы);
    Білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушының емтихан сессиясы кезеңінде бір пәннің толық көлемін немесе бір бөлігінің мазмұнын аяқтап болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рәсім;
    Транскрипт (Transcript) – әріптік және цифрлық мәндегі бағалар мен 6 кредиттерді көрсетумен сәйкес оқу кезеңіндегі өткен пәндер тізімін құрайтын белгіленген түрдегі құжат. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау – жоғары оқу орны өздігінен анықтайтын білім алушылардың әр түрлі бақылау және аттестаттау түрлерімен білім деңгейлерін тексеру (ағымдық, межелік және қорытынды);
    Элективтік пәндер – білім алушының жеке дайындығын көрсететін, жоғары оқу орнының ғылыми мектептерінде қалыптасқан нақты аймақтың әлеуметтік-экономикалық ерекшелігін ескеретін, білім ұйымдары енгізетін және бекітілген кредиттер шеңберінде таңдау компонентіне енетін оқу пәндері.
   
    4. Жалпы ережелер
   
    4.1. Білім алушылардың үлгерімін бағалаудың рейтингтік жүйесінің мақсаты оқу пәндерін меңгеру және оқытушылардың білімді бағалау обьективтілігін жоғарылату кезіндегі білім алушылардың жүйелі жұмысын белсенділендіру және оқыту үдерісіндегі оқу жұмысының сапасын кешенді бағалау болып табылады.
    4.2.Білім алушылар дәрісханалық сабақтардың барлық түріне – дәрістерге, тәжірибелік және семинар сабақтарына, зертханалық жұмыстарға қатысып, БАОЖӨЖ, БАӨЖ тапсырмаларын орындау қажет.
    4.3. Білім алушылар оқу қызметінің барлық түрлері мен бақылаудың барлық түрлері бойынша рейтингтің мазмұны және тәртібімен алдын ала таныс болуы керек.
    4.4. Білім алушының академиялық рейтингісі (БААР) жіберілу рейтингісі мен (ЖР) қорытынды бақылау рейтингісінен (ҚБР) тұрады.
    4.5. Пән бойынша ағымдық үлгерімнің бақылауын, БАОЖӨЖ, БАӨЖ, және пән бойынша сынақтарды, сараланған сынақтарды ХГТУ академиялық күнтізбесіне, күнтізбелік-тақырыптық жоспаларына, БАӨЖ тапсырмаларын тапсыру кестесіне сәйкес, топта білім беретін оқытушы өткізеді.
    4.6. ЖОО АЖ бойынша уақытында және журналға студенттің сабақ үлгерімін дұрыс толтырылуына әр оқытушы өзі жеке жауап береді. АЖ бойынша «Платон» журналын басқа адамдарға толтыруға тыйым салынады.
    4.7. Оқытушымен қойылған білім алушының оқу жетістіктерінің ағымдық үлгерімінің бағасы, межелік бақылаудың нәтижелері, жіберілу рейтингісі, қорытынды бақылауы және пән бойынша студенттің академиялық рейтингісі студенттерге бірден айтылуы керек және сол күні оқу журналына, аптаның соңында электрондық журналға енгізілуі қажет.
   
    5. Білім алушының ағымдық үлгерімін бағалау
   
    5.1. Пән бойынша бірінші сабақта білім алушының білімінің базалық деңгейі бағаланады. Базалық білімнің бағасы оқу журналында 100 балдық шкаламен қойылады. ЖР есептеу кезінде базалық деңгейінің бағасы есепке алынбайды.
    5.2. Білім алушыға оқытушы оқу журналына ағымдық бағаларды сабақта  100 балдық шкаламен пәннің әр тапсырма/тарауы үшін (бірнеше сабақ кіретін біріктірілген тақырыптар) қояды. Тапсырма/тарау үшін ағымдық бағаны қою кезінде барлық оқу жұмыстарының түрлері (дәрісханалық және дәрісханадан тыс) ескерілуі тиіс. Оқу, оқу-өндірістік, өндірістік, педагогикалық және зерттеу тәжірибесі бойынша ағымдық бағалау қарастырылмаған. Тапсырмалардың бағалары «Платон» АЖ енгізіледі.
    5.3. Тапсырма/бөлім үшін баға қою саясаты силлабустағы тапсырмамен/бөлімнің нұсқауында көрсетілуі тиіс. Қорытынды бақылау сұрақтары дәріс материалдарының сұрақтарын қамтуы тиіс. Тапсырма бағасы барлық қосындылардың орташа арифметикалық бағалау ретінде есептеледі.
    5.4. Аралық бақылау 2 реттен кем емес тақырыптық жоспарға сәйкес БАОЖӨЖ уақытында кафедралармен өткізіледі. Аралық бақылау формасы, мерзімі және олардың саны кафедра отырысында бекітіледі және пәндер силлабусында көрсетіледі. Онда барлық аралық бақылаудың бағдарламасы және оларға қойылатын баға саясаты міндетті түрде көрсетілуі керек. «Дене шынықтыру» пәні бойынша аралық бақылау нормативтерді тапсыру түрінде өткізіледі. Әскери кафедрада оқытылатын пәндері бойынша аралық бақылау өткізілмейді. Пән бойынша аралық бақылау оны өткізе бастағанға дейінгі өткен материалдың барлық көлемін, оның ішінде БАӨЖ және БАОЖӨЖ сұрақтарын қамтуы тиіс.
    5.5. Егер аралық бақылаудан өз бетінше шығып кетсе, кетіп қалса аралық бақылау жұмысына «0» деп бағаланады және журналға қойылады. ХГТУ «Ішкі еңбек тәртібін» («Оқу кестесі» бөлімі т.6.26) қараңыз.
   

5.6. Студенттер үшін ағымдық үлгерім рейтингісін есептеу (жіберілу рейтингісі) барлық ағымдық бағалар және аралық бақылаудың орташа арифметикалық есебі арқылы жүргізіледі.

 

  
    6. Босатқан сабақтарды өтеу ережесі
   
    6.1 Себепсіз босатқан жағдайда сабақ өтелмейді. Егер себепсіз босатылған сағаттар саны 50% құраса және берілген тапсырма/тарауға қатысты тәжірибелік сабақтар мен дәрістердің жалпы сағаттар санынан көп болса, білім алушылар тапсырманы/тарауды тапсыруға жіберілмейді. Электронды журналға «0» қойылады.
    6.2 Тек қана себепті жағдайлармен босатылған зертханалық жұмыстар мен тәжірибелік сабақтар ғана рұқсат етіледі.
    Студенттердің жіберген сабақтарды өтеуі кафедраның жеке жұмысы және кеңес беру кестесіне сәйкес өтеледі.
    Себепті босатылған жағдайда сабақтар өтеледі.
    Босатқан сабақтарды өтеу үшін білім алушы міндетті: 
    * Деканнан/декан орынбасарынан сабаққа кіруге рұқсат алуға;
    *   Оқуды қайта бастағаннан кейін екінші сабаққа дейін кешіктірмей кафедраға кіруге рұқсатты ұсынуға;
    Босатылған зертханалық жұмыстар, тәжірибелік сабақтар орындалған тапсырма/тарауды тапсырғанға дейін ғана өтеледі.
    Студенттер босатқан сабақты өтеу үшін: 
    Факультет деканнан/декан орынбасарынан рұқсатнама алу керек;
    Сабаққа келген күннен бастап екі күнге дейін кафедраға рұқсатнаманы беру керек.
    6.3. Өтеу ережесі: 
    тақырып кафедрада кафедраның білім алушылармен жеке жұмыс және кеңес алу кестесіне сәйкес кезекші оқытушымен ауызша өтеледі; 
    босатылған сабақ рұқсатнама алған күннен бастап екі күн ішінде өтелуі керек;
    босатқан сабақтың күнін деканатта белгілейді. Егер көрсетілген мерзім ішінде сабақты өтемесе, онда журналға «0» деген баға қойылады; 
    босатылған сабақты берілген күнге дейін өтей алмай қайта ауырып қалған жағдайда, деканат берілген анықтамаға байланысты қайта рұқсатнама жазып береді. 
   
    7. Білім алушының академиялық үлгерімі және сессияға жіберілуі туралы ақпараттандыру ережелері
   
    7.1. Әр айдың 25 күніне дейін ТДО және кафедралар деканаттарға пәндер бойынша студенттерді аттестаттау туралы мәліметті береді және жеке – үлгерімі төмен студенттер туралы (межелік бақылаудан немесе тәжірибелік сабақтар бойынша 65%-дан жоғары емес бағасы бар) және үлгерімі нашар студенттер туралы (аралық бақылаудан немесе тәжірибелік сабақтардан 60%-дан төмен бағасы бағасы бар) мәліметтерді ұсынады. Сессия басталғанға дейінгі екі апта бұрын кафедралар деканаттарға пәндер бойынша қарыздары бар білім алушылар туралы нақтыланған мәліметтерді ұсынады.
    7.2. Семестрдің соңғы күнінде барлық кафедралар тіркеу офисіне білім алушылардың жіберілу рейтингісі ведомосттерін ұсынуға міндетті. Рейтингтік ведомостерінің көшірмесі сол мерзімде деканатқа ұсынылуы тиіс.
    7.3. Емтихандық сессияға рұқсаттама 2 кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезең білім алушының академиялық демалысқа кетпеген, немесе ұзақ уақыт емделуде, сонымен қатар оқуды төлемегені, академиялық қарыздары бар пәні – пререквизиттер, емтихан сессиясына рұқсаттамасы декан өкімімен шығарылады. Декан өкімімен шығарылған емтиханға рұқсаттама семестрдің соңғы күнінде тіркеу офисінде беріледі. екінші кезең жіберілу рейтингісіне байланысты емтиханға автоматты түрде рұқсаттама беріледі. Берілген рұқсаттама тіркеу офисі ведомостінде көрсетіледі.
    7.4. Семестрдің соңғы аптасында ауырған жағдайда, студент деканатқа семестрдің соңғы күнінен бір күн кешіктірмей деканатқа ауырғаны туралы анықтамасын староста немесе өзінің өкілі арқылы ұсынуы керек. Анықтаманы ұсынбаған жағдайда сабақты босату өтелмеген болып саналады. Анықтаманың негізінде деканат босатылған сабақтарды өтеуге рұқсат беріп, сессия тапсырудың жеке кестесін құрады. Анықтама ұсынылмаған жағдайда босатылған сабақтар дәлелді себепсіз болып саналады.
   
    8. Пән бойынша қорытынды бақылауды өткізу ережелері
   
    8.1. Пән бойынша қорытынды бақылау оқу жұмыс жоспарына сәйкес дифференциалдық сынақ немесе емтихан түрінде өткізіледі.
    8.2. Қорытынды бақылау пән бағдарламасында қарастырылған материалдардың толық көлемін қамтиды. Пән бағдарламасы бөлінген сағаттар шеңберінде мазмұнның барлық сұрақтары қамтылған силлабуста ұсынылуы қажет. Тестілік тапсырмалар, қорытынды бақылау сұрақтары білім алушыға ұсынылмайды.
    8.3. Әрбір пән бойынша қорытынды бақылауды өткізудің тәртібі мен түрі ХГТУ Ғылыми Кеңесте академиялық кезең басында, бір айдан кешіктірмей белгіленеді.
    8.4. Емтихандарды өткізу және ұйымдастыруды тіркеу офисі жүзеге асырады. Емтихандар кестесін тіркеу офисі факультеттің деканатымен бірлесе отырып құрастырады және аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) басталғанға дейінгі 2 аптадан кешіктірілмей студенттерге және оқытушыларға хабарлануы керек.
    8.5. Тест тапсырмаларын немесе жазбаша жұмыстар қолданумен өткізілетін қорытынды бақылау барлық лекте бір уақытта жүргізіледі.
    8.6. Пән бойынша қорытынды бақылауға (дифференциялық сынаққа, емтиханға) 50% және одан жоғары жіберілу рейтингісі бар студенттер жіберіледі. Жіберілу рейтингісі 50% төмен болса, емтихандық (сынақ) ведомосттерінде білім алушының тегіне қарама-қарсы жерге «жіберілмеген» деген жазу еңгізіледі. GPA есептеуде қорытынды бақылауға жіберілмеу қанағаттанарлықсыз бағаға («0») теңестіріледі.
    8.7. Егер білім алушы бекітілген кесте бойынша қорытынды бақылауға келмесе емтихандық (сынақ) ведомосттеріне оның тегі жазылған жерге қарама-қарсы «келмеген» деген белгі қойылады. Келмеген жағдайда білім алушы деканның атына түсінік хат жазып, сабақты босатудың дәлелді себебін растайтын құжаттарды қоса тіркеуі тиіс. Келмеу себебі себепті деп танылған жағдайда деканат жеке тәртіпте бақылаудан өту туралы шешімді қабылдайды. Білім алушы қорытынды бақылауға себепсіз келмеген жағдайда «0» бағаға теңестіріледі.
    8.8. Егер аралық бақылаудан өзбетінше шығып кетсе, кетіп қалса аралық бақылау жұмысына «0» деп бағаланады және журналға қойылады.
    8.9. Ауырғаны туралы немесе босанғаны туралы немесе жақын туыстарының қайтыс болғанына байланысты, сондай-ақ қызметтік немесе оқу іс-сапарына байланысты жағдайда ұсынылған анықтама болса, декан білім алушыға жеке кесте бойынша емтихан тапсыруға рұқсат етеді. Сондай- ақ емтиханға жолдама ретінде емтихандық парақ беріледі.
    8.10. Емтиханға келгенде білім алушы сынақ кітапшасы мен жеке бас куәлігін көрсетуі шарт. Емтихан басталмай тұрып білім алушыға алдағы уақытта апелляцияға беру мүмкіндігі үшін дұрыс құрылмаған сұрақтар, техникалық қателіктер және т.б. жөнінде ескертулер жазып алуға шағым парағы беріледі.
    8.11. Емтихандық ведомостіні емтихан қабылдаған оқытушы толтырады.
    8.12. Жіберілу рейтингісі немесе/және қорытынды бақылау нәтижесімен келіспейтін білім алушы, емтихан нәтижелері жарияланғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей апелляцияға беруге құқылы. Осы мақсатта емтихан сессиясы уақытында (аралық аттестаттау) ректор бұйрығымен емтихан сессиясы мерзіміне қойылған пәндер бағдарына біліктіліктері сәйкес келетін оқытушылар қатарынан апелляциялық комиссия құрылады. Оқу-әдістемелік жұмыс департаментінің офис тіркеушісі емтихан және жіберу рейтингі апелляциясы бойынша апелляция комиссиясы отырысының хаттамасына жазады.
   
    9. Білім алушының академиялық рейтингін есептеу
   
    9.1. Пән бойынша білім алушының академиялық рейтингісі академиялық кезеңдегі немесе оқу жылындағы ағымдағы үлгерім (0,42), межелік бақылаудың рейтингісі (0,18) академиялық кезең және оқу жылында (60%) құрайды, пән бойынша қорытынды бағасы (0,4), (40%) құрайтын пән бойынша мына формула құрылады:
   
    БААР = 0,42 x ОЖАҮ + 0,18 x МБР + 0,4 x ҚБР
   
    9.2. Кәсіби тәжірибе үшін БААР ҚБР-ға тең. Оқу-өндірістік және өндірістік тәжірибе бойынша сараланған сынақ өткізгенде ҚБР 100 балдық жүйемен қойылады. Тәжірибе бойынша екі жетекші тағайындалған жағдайда қорытынды баға тәжірибе базасындағы тәжірибе жетекшісінің бағасын ескере отырып қойылады, салыстырмалы салмағы қорытынды бағадан 40%, және университет жетекшісі ұсынған есепті қорғау бойынша бағалар, салыстырмалы салмағы қорытынды бағаның 60% құрайды:
   
    ҚБР = 0,6 x a + 0,4 X b
   
    a - 100 балдық жүйе бойынша университеттегі жетекшімен қойылған баға;
    b – 100 балдық жүйе бойынша тәжірибе базасындағы жетекшімен қойылған баға.
   
    9.3. 50% кем канағаттанарлықсыз ҚБР алғанда, академиялық рейтинг есептелмейді және білім алушы пәнді қайта меңгеруге жіберіледі.
    9.4. Әскери кафедрада оқытылатын пәндер бойынша емтихан бағасы GPA есептеуде де ескерілмейді.
   
    10. GPA есептеу әдістемесі. Ауыстыру балы.
   
    10.1 Кредиттік технология бойынша GPA есептеу үлгісі:
   

 

Пән

Кредит саны

Әріптік жүйе бойынша баға

Сандық эквивалент

Дінтану

1

A

4,00

Информатика

3

B

3,00

Құқық негіздері

2

D+

1,33

Шет тілі

6

C-

1,67

   
   

Дінтану

4 × 1 = 4

Информатика

3 × 3 = 9

Құқық негіздері

1,33 × 2 = 2,66

Шет тілі

1,67 × 6 = 10,02

Қорытынды көрсеткіші

4 + 9 + 2,66 + 10,02 = 25,68

Кредиттердің жалпы саны

1 + 3 + 2 + 6 = 12

   
   
    GPA = Қорытынды шамасы/Кредиттердің жалпы саны = 25,68/12,0 = 2.14
   
    10.2 ХГТУ-да үлгерімнің ауыспалы орташа балы GPA есептеу негізінде анықталады және құрайды:
1. Күндізгі бөлім студенттері үшін:
1 -> 2 курсқа көшу үшін GPA балы       - 2.0
2 -> 3 курсқа көшу үшін GPA балы       - 2.1
3 -> 4 курсқа көшу үшін GPA балы       - 2.2
    Сыртқы бөлім студенттері үшін:
1 -> 2 курсқа көшу үшін GPA балы       - 1.5
2 -> 3 курсқа көшу үшін GPA балы       - 1.67
3 -> 4 курсқа көшу үшін GPA балы       - 1.7
4 -> 5 курсқа көшу үшін GPA балы       - 2.0
2. Магистранттарды курстан курсқа көшіру үшін GPA балы 2.5 болып бекітілсін.
   
    10.3 Төменгі ауысу балын ала алмаған академиялық қарызы жоқ сәйкес курстың бағдарламасын толық өтеген білім алушылар өз үлгерімінің орта балын (GPA) арттыру мақсатында жазғы семестрде ақылы негізде жеке пәндерді қайта оқып емтихан тапсыра алады. Жазғы семестрге жазылу академиялық күнтізбелер бойынша реттеледі.
   
    Қосымша 1.
    Теориялық пәндерге арналған тәжірибелік сабақтар бойынша студенттердің білімін, білігін және дағдысын бағалау критерийлері
  

Әріптік жүйе бойынша баға

Білімді бағалау критерийлері

  1.  

Жауап толығымен дұрыс, түсінікті. Студент бағдарламада берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді терең меңгерген. Пәннің негізгі терминдері мен күрделілігі жоғары оқу материалдарын саналы пайдаланады. Алған білімін шектес оқу пәндері бойынша алған білімімен біріктіре алады. Тәжірибе жасау (химиялық немесе тағы басқа, пәнге байланысты) дағдылары бар және алынған тәжірибелік мәліметтерді түсіндіре алады, талдайды және дәлелді қорытынды шығара алады.

A-

Жауап толық, дұрыс. Студент оқу бағдарламасының материалдары бойынша жүйелі білім алған, бағдарламада белгіленген негізгі әдебиеттерді терең меңгерген және бағдарламамен ұсынылған қосымша әдебиеттермен таныс. Шектес пәндер бойынша алған білімімен білімін байланыстыра алады. Тәжірибе жасау (химиялық немесе пәнге байланысты тағы басқа) дағдылары бар, тәжірибе нәтижесіне талдау жасай алады.

B+

Жауап жеткілікті түрде толық. Студент бағдарламалық материалды меңгерген, бағдарламада көрсетілген негізгі әдебиетті жетік біледі, пәндік терминологияны дұрыс қолданады, сол немесе басқа үдерістердің рөлі мен маңызын сенімсіз (бірақ дұрыс) түсіндіреді. Жауап беруде өздігінен бір-екі елеусіз қате жібереді, бірақ оны өзі түзетеді. Тәжірибе жасау (химиялық немесе пәнге байланысты тағы басқа) дағдылары бар және алынған тәжірибе нәтижесін талдап, ресімдей алады.

B

Жауап толық. Студент бағдарламалық оқу материалын меңгерген, бағдарламамен ұсынылған негізгі әдебиетті меңгерген. Пәндік терминологияны дұрыс қолданады, бірақ оқутышының жетелеуші сұрақтары кезінде түзететін білім мен әрекетте бірнеше елеусіз қате жібереді. Тәжірибе жасау (химиялық немесе пәнге байланысты тағы басқа) дағдылары бар және оның барысын талдай алады.

B-

Жауап дұрыс, бірақ жеткілікті түрде толық емес. Студент бағдарламалық бағдарламамен ұсынылған негізгі әдебиетті меңгерген, пәндік терминологияны дұрыс қолданады, сол не басқа үдерістің негізгі даму механизмдерін атай алады, бірақ түсіндіруде қиындыққа тап болады. Жауап бергенде оқытушының көмегімен түзететін бірнеше елеусіз қате жібереді. Тәжірибе өткізу дағдылары (химиялық немесе пәнге байланысты басқа да)бар. Тәжірибе нәтижесін талдауда қиындыққа тап болады.

C+

Жауап толық емес, оқытушы жетелеуші сұрақтар қойғанда 15 түзететін елеусіз қателіктері бар. Одан әрі оқуға қажетті көлемде негізгі оқу-бағдарламалық білімі бар, бағдарламамен ұсынылған негізгі әдебиеттерді меңгерген. Пәндік терминологияны пайдаланады, негізгі механизмдерді атайды, бірақ олардың негізгі маңыздылығын сенімді анықтай алмайды, нақты мысалдарда білімін еркін қолдануда қиындықтарға тап болады. Тәжірибе жасаудың негізгі дағдыларын меңгерген, бірақ оның нәтижелерін талдау мен ресімдеуде қиындықтарға тап болады.

C

Пән бойынша білімі толық емес, оқытушы жетелеуші (қосымша) сұрақтар қойған кезде түзететін бірнеше елеусіз қатесі бар. Пәндік терминологияны қолдану дағдылары бар, бірақ сипатталатын құбылыстардың механизмдерін анықтауда қиындыққа тап болады. Тәжірибені (химиялық немесе пәнге байланысты басқа да) өткізудің негізгі дағдыларын меңгерген, бірақ оның барысы мен нәтижелеріне талдау жасай алмайды.

C-

Жауап бағдарламалық оқу материалы бойынша білімнің жеткіліксіз екендігін көрсетеді. Студент бір бөлігін оқытушының көмегімен түзететін елеулі қате жібереді. Пәндік терминологияны пайдаланады, бірақ бірқатар терминдер мағынасын анықтауда қиындыққа тап болады. Құбылыстар механизмдерін, сипаттауда, формулаларды жазуда қате жібереді. Өз білімі мен шектес пәндер материалымен көп жағдайда біріктіре алмайды. Тәжірибе жасауға оқытушының немесе топ көшбасшысының жетекшілігімен белсенді қатыса алады, бірақ оның нәтижелерін жалпылай және талдай алмайды.

D+

Жауап толық емес, олқылықтар көп. Елеулі қателіктер бар. Студент тек жеке жағдайларда ғана пәндік терминологияны пайдаланады, бірақ толық дұрыс емес. Негізгі құбылыстардың механизмін сипаттауда қиындыққа тап болады, олардың өзара байланысын белгілей алмайды, пәннің негізгі түсініктерінің анықтамасын дұрыс бере алмайды. Тәжірибе жасау дағдыларын нашар меңгерген.

D

Жауап студент оқытушының жетелеуші (қосымша) сұрақтар қойғанының өзінде түзете алмайтын көптеген елеулі қателерді құрайды. Студент терминологияны дұрыс пайдалана алмайды, түсініктер мен терминдерге анықтаманы бере алмайды, негізгі заңдарды тұжырымдай алмайды, жіктелуін білмейді. Негізгі үдерістер мен механизмдердің маңызын түсінбейді, материалды жазбаша мазмұндай алмайды. Тәжірибе жасау дағдылары туралы біледі, бірақ тек жеке түрлерін ғана меңгерген.

F

Студент жауап беруден бас тартады немесе оның жауабы оқу материалы бойынша білімінің мүлдем жоқтығын көрсетеді. Студент бірде-бір есепті шеше алмайды, тәжірибеге қатыспайды, оны өткізудің ешбір дағдысын меңгермеген.