Ғылым саласындағы сыйлығына және мемлекеттік ғылыми стипендиясына ізденіс конкурсын жариялайды

2016 жылдың жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына және мемлекеттік ғылыми стипендиясына ізденіс конкурсын жариялайды. Олар:

- жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И.Сәтбаев атындағы бір сыйлық;

- гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш.Уәлиханов  атындағы бір сыйлық;

- педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшiн Ы.Алтынсарин атындағы бір сыйлық;

- түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық;

- жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы бір сыйлық;
       - гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы бір сыйлық;

 

75 мемлекеттік ғылыми стипендияны оның ішінде 50-і талантты жас ғалымдарға арналған жұмыстарды қабылдауды басталғаны туралы хабарлайды.   Конкурсты өткізу туралы хабарландыру 2016 жылғы 14 қыркүйектегі №175 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.