Тарихы

Балабекова Дина Буркитбаевна
Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент
«Қаржы және есеп»
кафедрасының меңгерушісі.
Заведующий кафедрой
«Финансы и учет»
Шымкент қ.
Байтұрсынов көш,80
ХГТУ-ң бас ғимараты,
1қабат,115 каб.

«ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП» КАФЕДРАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

«Қаржы» кафедрасы университет ашылғаннан бері жұмыс істеуде. Кафедрада мына мамандықтар бойынша кадрлар дайындайды: 5В050900-«Қаржы» және 5В050800-«Есеп және аудит» 2014 жаңа оқу жылынан бастап «Қаржы» және «Есеп және аудит» мамандықтары біріктіріліп «Қаржы және есеп» кафедрасы болып аталды.

2
 

«Қаржы және есеп» кафедрасында 5В050900-«Қаржы», 5В050800-«Есеп және аудит» мамандықтары бойынша бакалавларды дайындау жүзеге асырылады. Қаржы және есеп кафедрасының мақсаты нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын, бәсекеге қабілетті озық қаржыгерлер, есепшілер мен аудит мамандарын дайындау. Кафедра құрылғанан бастап обылыс және республиканың қаржылық қызметтеріне, есеп және аудиторлық салаларына, банктерге, салық саласына жоғары білікті мамандар дайындап келеді. Пәндерді оқыту жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамымен жүзге асырылады.

КАФЕДРА ТЫНЫСЫ ЖӘНЕ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ
Кафедрада э.ғ.к,доцент. Д.Б.Балабекова, э.ғ.к., Сабирова М., э.ғ.к. Ғ.М.Жұрынов, э.ғ.к. Б.Б.Оразова, э.ғ.к. Г.С.Бердибекова, э.ғ.к. Усупов Т.Ю., э.ғ.к. Таласов М.Ж., аға оқытушы Башпанов О.Р., магистр Б.З.Батырбаева, магистр Онгарова Г.Т., магистр Каукешова Р.А., магистр Абилгазиев Ч.Е. сынды тәжирбелі оқытушылар жұмыс жасайды.
Кафедраның қаржы, есеп және аудит маманданулары бойынша дәріс оқитын білікті мамандары біліктілікті жоғарлату курстарына жыл сайын қатысады, шетелдік ғалымдармен тәжірбие алмасады, аталған шаралар барысында алынған өз жетістіктерін сабақ барысында қолданады. Кафедраның барлық оқытушылары кәсібіне сай және мамандарды даярлаудың сапасын жоғарылату міндеттеріне сай ғылыми тақырыппен айналысады. 2014 жылы «Қазақстан-2050» бағдарламасын жүзеге асыру-жастардың қолында» атты студенттердің II Республикалық ғылыми-практикалық конференция, 2015 жылы «Нұрлы жол – болашаққа бағыт» атты студенттердің III Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аяасында «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР» секциясы бойынша конференция ұйымдастырылды.
«Қаржы» және «Есеп және аудит» мамандықтары елдің экономикалық жүйесінде маңызды орын алады, өйткені қаржы, есеп және аудит бакалаврының қызметінің аясы қаржыны ұйымдастыру мен басқару, бухгалтерлік есеп қағидаларын, салалық қаржылық есептерін, басқару есептерін, ұлттық шоттар жүйелерін, аудиттарын, ақша-несие және фискальды саясатты, микро және макро деңгейде жүргізу. Осы кәсіптің бакалаврлары компанияның қаржылық жағдайына талдауды жүргізулері, кірістерді арттыру, шығындарды азайтуды қамтамасыз ету керек, сонымен қатар басқарушылық, кәсіпкерлік, коммерциялық іс-әрекеттерді барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарында және қызмет сферасында, қаржы органдарында, сақтандыру және банктік ұйымдарда қызметтің кең түрін жүзеге асырады.
Академиялық дәрежесі: 5В050900-«Қаржы» бакалавры, 5В050800-«Есеп және аудит» бакалавры.
Мамандық бойынша өткізлетін пәндер.
«Қаржы» мамандығы бойынша:
• Қаржы;
• Корпоративтік қаржы;
• Бухгалтерлік есеп;
«Есеп және аудит» мамандығы бойынша:
• Бухгалтерлік есеп;
• Басқару есеп-1;
• Басқару есеп-2;
• Аудит;
Қызмет салалары:
• Экономиканың әртүрлі саласындағы кәсіпорындар;
• Аудиторлық фирмалар;
• Қаржы,сақтандыру компаниялары;
• Коммерциялық банктер;
• Бюджеттік, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары;
• Шағын бизнес кәсіпорындары;
• Сауда-делдал кәсіпорындары.
Оқу ұзақтығы: 4 жыл
Оқу нысанасы: күндізгі-4жыл
ОКБ(колледж)базасында -3жыл
Кеші-2жыл
Сырттай-2жыл
Оқыту тілі: орыс,қазақ,ағылшын

КАФЕДРАНЫҢ БАЙЛАНЫС СЕРІКТЕСТІКТЕРІ
Кафедра республикадағы және обылыстағы жетекші ғылыми –зерттеу институттары, ғылыми орталықтары, Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және ақпарат институты, «Улудаг» университеті (Түркия Республикасы), Қаржы Министрлігі мен қаржы департаменттері, «Сбербанк» АҚ, «ГНПФ» АҚ ЖЗҚ, «Батсу» корпорациясы, АҚ «Казпошта», «Шың Құрылыс Сәулет» ЖШС, «КазКом Банк» АҚ, Сақтандыру компаниялары кәсіпорындар мен ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Бітіруші түлектердің іс-тәжирбесін өткізу мақсатында келісім- шарттармен толықтырылған. Осы келісім шарттар бойынша бітіруші түлектер қазіргі таңда жоғарыда аталған мекемелерде өз іс-тәжірбиелерін өткізуде.