Дене шынықтыру және спорт кафедрасы

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы

Оқу түрі: күндізгі, кешкі,сырттай(арнаулы орта және жоғары білімнен кейін)
Оқу мерзімі: күндізгі бөлімде 4 жыл, , сыртқы/кешкі бөлімде 2/3 жыл

                                             

 

Қонақбаев Сейдахмет Нартайұлы
 

т.ғ.к., доцент;  бокс, күрес және самбодан спорт шебері,

«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі

 

  Кафедраның 10 жылдан астам тарихы бар. 050108-«Дене шынықтыру және спорт» мамандығын дайындау 2005-2006 оқу жылынан қолға алынған, лицензия сериясы ААN 0000239, N506, 17.05.2005ж. ҚР БҒМ берілген. – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша  2005-2007 жылдың жазына дейін аға оқытушы Қалдыбаев Мырзабай Алдабергенұлы басқарды, 2007-2009 жылдар аралығында кафедраға аға оқытушы Түгелбаев Ербол Базарбайұлы басқарды, 2009-2011 Өтпелі кезеңдерде кафедраның атауы жиі өзгерді. «Дене тәрбиесі және спорт» (2005-2007ж.ж) және «Спорт» (2007-2008ж.ж), 2008 жылдың басынан кафедраның атауы «Дене шынықтыру және спорт» атанды. 2011-2013 жылдың қараша айына дейін кафедраны аға оқытушы Жаңбыр Нұрлыбек Қаржауұлы басқарып келді. Қараша айынан бастап, ақпан айына дейін аға оқытушы Тулебаев Абдислам Райымбекұлы басқарды, 2014 ж ақпан айынан бастап 2015 оқу жылы аяқталғанға дейін Тұрсынбеков Мұрат Тұрсынбекұлы басқарды. 2015-2016 оқу жылы Сейдахмет Нартайұлы Қонақбаев басқаруда.

 

Кафедра мәжілісі

 

 

аға оқытушы М.Тұрсынбеков СӨЖ қабылдауда аға оқытушы М.Тұрсынбеков СӨЖ қабылдауда

 

аға оқытушы Қ.Қалмұрзаев практикалық дәрісте

      

магистр, оқытушы Сапахов Д. дәріс барысында

 

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жыл 31 қаңтардағы халыққа Жолдауын оқытушы-профессор құрамы мен студенттер арасында насихаттау мақсатындағы іс-шара  жоспары  негізінде 15 ақпанда  өткізілді. «Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу» тақырыбында өткізілген жиын барысында факультет деканы э.ғ.к. Әбілқасым Айнұр сөз алып, қару ұстап шетел асып жатқан кейбір жастардың шетелдік сайттар мен әлеуметтік желілерден діни білім алатыны, діни теріс мағлұматтарды шетелдік сайттардан алатындығын атап өтті. Кафедра аға оқытушысы Қ.Қалмұрзаев жастарымызға ғаламтор арқылы діни мазмұнда теріс мәліметтер тарататын ақпарат көздерінің жолын кесу туралы сөз дер кезінде көтерілген мәселе екендігін атап өтті.

 

 

Президент Үшінші жаңғырудың негізгі бес басымдығын айқындап берді :        

  • экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыруы;
  • дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру;
  • еңбек нарығын жаңғырту; макроэкономикалық тұрақтылық;
  • адами капитал сапасын жақсарту;
  • институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас    

                жемқорлықпен күрес.

Халықаралық гуманитарлық –техникалық университет  ұжымы  Қазақстанды үшінші жаңғырту идеясын толық қолдайды!

 

Кафедра “Дене шынықтыру және спорт” бакалавры маманын дайындайды. Алғашқы түлктерін 2006 жылы шығарды, сол жылдан бері 800-ден астам түлектер шығарылды. Қазіргі таңда кафедра бакалавр Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша дайындап жатыр. 050108-Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бітірушілерге «Дене шынықтыру және спорт бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Мамандар біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес «Басшыларға, мамандарға және басқа қызметкерлерге арналған мамандар анықтамасында Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің №273-П» 22-қарашада 2002 жылы бекітілген бұйрығы бойынша бакалаврлар бірінші дәрежелі:

- дене шынықтыру және спорт пәнінің мұғалімі, таңдаған спорт түрі бойынша жаттықтырушы;

- дене шынықтыру мұғалімі;

- туристік фирмаларда;

- спорттық арбитраж бойынша маман;

- спорттық психолог; - спорттық журналистр;

- фитнес бойынша менеджер; - сауықтыру жұмыстарының маманы;

- спорттық билер бойынша жаттықтырушы;

- тіршілік қауіпсіздігінің негіздері(ОБЖ), алғашқы әскери дайындық мұғалімі болып қызмет атқара алады.