Информатика және математика кафедрасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

Жаратылыстану-техникалық факультеті «Информатика және математика» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

Қалдарова Болғанай Сейлханқызы

 Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Бас ғимарат, 3 қабат, 312 кабинет

 

Кафедра тарихы

«Информатика және математика» кафедрасы 2003 жылы қараша айында құрылған. Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып ф.-м.ғ.д., доцент Ә.С.Мұратов 2003-2007 жылдары басқарды. Әр жылдары кафедра меңгерушісі қызметін белгілі ғалымдар мен өнегелі ұстаздар атқарды:

2007-2009 ж.ж. - ф.-м.ғ.д., профессор М.Д.Шыныбаев;

2009-2010 ж.ж. -  п.ғ.к. П.А.Қожабекова;

2010-2011 ж.ж. -  ф.-м.ғ.к., доцент Н.Е.Ержанов;

2012-2014 ж.ж. -  п.ғ.к., доцент ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы, Г.К. Нұрмұханбетова;

2014-2017 ж.ж. -  ф.-м.ғ.к., доцент, ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы А.А.Юнусов басқарды.

2017 жылдан бастап  кафедраны техника ғылымдарының кандидаты, доцент Б.С.Қалдарова басқарып келеді. Қазіргі таңда «Информатика және математика» кафедрасында 1 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты, доценттер, 3 аға оқытушы, 1 магистр оқытушы дәріс беруде.

Кафедраның түлектері 5В010900-Математика және 5В010600-Информатика мамандықтары бойынша бітіріп шығады. Осы 14 жылдай тарихы бар кафедра базасында білім беру жүйесі мен қоғам талабына сай бірнеше жүздеген  маман кадрлар дайындалды.

Бітірушілер халыққа білім беру саласындағы орта, бастауыш және орта кәсіптік, жоғары оқу орындарында, ғылыми зерттеу орталықтарында, мемлекеттік басқару органдарында қызмет атқара алады. Біздің түлектер педагогикалық қызметпен ғана шектеліп қоймайды, 5В010600-Информатика мамандығы бойынша бітірген түлектеріміз банк жүйелерінде, байланыс саласында, ғылымда, өндірісте үлкен табысты шығармашылық қызметтер атқаруда.

Келесi мамандықтар бойынша бакалаврлар әзiрлеуiн жүзеге асырады:

- 5В010900 — Математика
- 5В060200 — Информатика

20.Аға лаборант Батырбекова Перизат Егенбердіқызы


Университет ректоры профессор Б.Н. Қорғанбаев профессор А.Л Жохов (Россия, Ярослов қаласы)

2

Профессор А.Л Жохов. Ректор Б.Н Қорғанбаевтың қабылдауында

3
Университет басшыларымен профессор А.Л Жохов кездесуде (Россия, Ярослов қаласы).


Кафедра мүшелері мен Профессор А.Л Жохов кездесуінде.

 

9
п.ғ.д., профессор Рахымбек Досымхан және «Информатика және математика» кафедрасының мүшелерімен

 


Факультет деканы мен кафедра меңгерушісі және ПОҚ мәжіліс сүстінде

Кафедра оқытушылары бір-бірімен тәжірибе алмасуда