Өнер кафедрасы

1
Утешева Алия Жалелевна
«Өнер» кафедрасының меңгерушісі
Кабинет №309
Тел.87011300458

2007-2008 оқу жылы басында «Қазақ тілі және педагогика» және «Информатика және дизайн» кафедраларынан бөлініп «Өнер» кафедрасы құрылды. 2008-2009 оқу жылында Ашық университетінің Дизайн мамандығы қосылды. Кафедра құрамында 5B010600 – «Музыкалық білім», 5B042100 – «Дизайн», 5B012000 – «Кәсіптік білім» мамандықтары бар. Осы мамандық түлектеріне «Музыкалық білім» бакалавры, «Дизайн» бакалавры, «Кәсіптік білім» бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Өнер» кафедрасы барлығы 33 профессор-оқытушылар құрамынан тұрады, оның 8 – ғылым кандидаты, 2 доцент, 8 ҚР Мәдениет қайраткерлері, соның ішінде 1 ҚР Мәдениет қайраткері, профессор, 2 ҚР Суретшілер одағының мүшесі, 4 магистр -аға оқытушы, 1 магистр оқытушы, 8 аға оқытушы, 2 оқытушы. Мамандықтар бойынша оқу аудиторияларымен, музыкалық аспаптармен, зертхана және шеберханамен қамтамасыз етілген.
«Спорт және өнер» факультеті «Өнер» кафедрасының «Дизайн», «Музыкалық білім», «Кәсіптік білім» мамандықтары, кафедра құрылымы төмендегідей:
«Өнер» кафедрасының мамандықтарының аты.

№ Мамандық шифры Мамандық аты
1 5B042100 Дизайн
2 5B010600 Музыкалық білім
3 5B012000 Кәсіптік білім
Оқу мерзімі: Музыкалық білім, Кәсіптік білім мамандықтары күндізгі бөлім студенттері – 4 жыл, сырттай (кешкі) – 5 жыл, сырттай (қысқартылған) – 3 жыл, сырттай (жеделдетілген) – 2 жыл, Дизайн мамандығы күндізігі бөлім – 5 жыл, қысқартылған оқу түрі – 3 жыл.
Өнер кафедрасының ұжымы білім беру мен мәдениет саласының жоғары білікті мамандарын дайындауда, солардың қатарында жоғары білікті кәсіп мамандары мен дизайнерлер де бар.

2

3

4

5

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары

Кафедра ғылыми-зерттеу жұмыстарын жылдық және даму жоспары негізінде жүргізуде. Кафедра ұжымы кәсіби білім беру, дизайн, музыкалық білім беру саласында ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстарды атқаруда, сонымен бірге студенттік ғылыми жұмыстарға жетекшілік етуде. Кафедра оқытушылар құрамы әйгілі шетел ЖОО болып, біліктіліктерін жетілдіріп, семинар тренингтерге қатысқан. Солардың қатарында, кейбір ғылыми- зерттеу әдістері мен ғылыми – зерттеулер лабораториясымен танысу мақсатында 2014 жж. п.ғ.к., доцент Утешева А.Ж. , аға оқытушы магистр Жунисова Н., оқытушы Оспанова А.Д. К.Д.Ушинский атындағы Ярослав мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры,п.ғ.д. А.Л.Жоховтың «Модель культуры профессионала и пути достижения в процессе обучения» атты 72 сағаттық семинарын тыңдап келді.

1
2015 ж. мамыр айында п.ғ.к., доцент Ж.Ж.Бейсенбеков, магистр аға оқытушы Жунисова Н., оқытушы Оспанова А., магистр аға оқытушы Жетпибаева Г. І халықаралық симпозиумның мастер- класына қатысты. Бұл халықаралық пленерді ОҚО бойынша ұымдастырған кафедра аға оқытушысы Бекенов М.А., оған ТМД-дан : Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Азербайджан елдерінің өкілдер қатысты.
2

3

4
2015 жылдың маусым айында кафедраның аға оқытушысы Турдалиев А.М. қазақстандық «Планета мира» халықаралық шығармашылық бірлестігінің «Мәдениет майталманы » атты төл белгісімен марапатталды.
10
11
Сол жылдың қазан айында кафедра п.ғ.к., доцент Утешева А.Ж. , аға оқытушы магистр Жунисова Н., оқытушы Оспанова А.Д, аға оқытушы Турдалиев А.М., Абдуллаева Г.С. Автономды коммерциялық емес қосымша білім беру бойынша «Сибирский институт непрерывного дополнительного образования» (Ресей. Омск қаласы) біліктілікті жетілдіру курстарына қатысты. Кафедраның профессор оқытушылар құрамы инновациялық менеджмент деңгейін көтеру бойынша ОҚО аймақтық семинарларына және білім беру орталығы «KAZTIL DAMU» (Шымкент қаласы) ұымдастырған «Модель культуры профессионала и пути достижения в процессе обучения» семинарына қатысты.
5
6
Кафедара оқыту үрдісінің , ғылыми зерттеу мен шығармашылық жобаларын Омск мемлекеттік педагогикалық университеті, Омск халықтық өнер жоғары мектебі (Ресей), Х.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік унивеститеті және «Сырдария» университетімен тығыз байланыста жүргізуде.

Кафедра студенттерінің жетістіктері
1. Жүсіпов Ұлықпан – музыкалық білім мамандығының студенті 2014 жылы Шымкент қаласы, Облыстық «Арай-2014» жас эстрада әншілерінің ән байқауында Жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.
2. Ұлттық жастар дельфийлік ойындарының облыстық байқауында Дельфиилік оңтүстік- Ұлттық жастар дельфийлік ойындарының облыстық байқауында эстрадалық ән салу номинациясында І-дәрежелі дипломмен марапатталды.
3. 2014 жылы ОҚО Шардара ауданының 45-жылдық мерейтойына орай «Шырқалсын Шардараның әндері» атты байқауында І-орын иегері.

7
4. Мамайхан А – музыкалық білім мамандығының студенті 2015 жылы ОҚМПИ- да өткен «Ұлы дала елі әндері» атты жас әншілер конкурсында II- орын иегері.
8
5. Қаратай М – дизайн мамандығының студенті 2015 жылы ОҚМПИ- да өткен «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты II конкурста алғыс хатпен марапатталды.
9
6. Перне Камила – дизайн мамандығының студенті 2015жылы «Шабыт» XVIII Халықаралық шығармашылық жастар фестиваліндегі «Бейнелеу өнері» номинациясында сертификатпен марапатталды.
7. Дизайн мамандығының студенттері Перне Камила мен Ахенбек Камила Түркістан қаласындағы ХҚТУ-де «Өнерлі жастар» көрмесінде «Aлғыс хат»- пен марапатталды.
8. Перне Камила – дизайн мамандығының студенті 2015жылы ХІ Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының облыстық байқауында «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша ІІ-орынды Диплом иегері.
10

2016-2017  оқу жылында  студенттер арасынан білім, білік, дағдыға негізделген әрекет, шебер жұмыс, еңбек функциясын ұйымдастыру, шығармашылықтарын шыңдау арқылы көркем өнер негіздерін қалыптастыру мақсатында  «Дала сыры» домбыра үйірмесі жасақталды, жетекшісі аға оқытушы Абдуллаева Гүлмира Сайлаубекқызы.

 

 IMG-20161101-WA0002 

 

IMG-20161101-WA0003

 

Сонымен қатар, «Эстрадалық ән» үйірмесі құрылды.  Жетекшісі ХГТУ профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері Жақсыбеков Сайлаубек.

_MG_1438

 

IMG_0198

 

«Дефиле» үйірмелері _MG_1395 _MG_1396

 

 

Өнер кафедрасында  қыркүйек айында  Қосымша музыкалық аспап  пәнінен «Қазақ халқының көне үрмелі аспаптары» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Дизайн мамандығының 1-ші курс студенттері  «Ұстазлар»  күніне орай ашық тәрбие сағатын атап өтті. IMG-20161101-WA0013

Студенттер ұстаздарға арнап, өлең шумақтарын жолдады.

IMG-20161101-WA0017

Ұстаздарға арнау өлеңдерін жолдап, гүл шоқтарымен құттықтады. IMG-20161101-WA0030

 

IMG-20161101-WA0021

Студенттердің дайындығы өте жоғары деңгейде болды, ән жолдап, би билеп ұстаздар қауымының көңілдеріне қуаныш ұялатты.

IMG-20161101-WA0031

Ұстаздар күніне арналған ашық тәрбие сағатын  ХГТУ профессоры С.Жақсыбеков студенттерге алғысын айтып, қорытындылады.

 

Сонымен қатар, кафедрамызда «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша Сәндік қолданбалы өнер пәнінен «Құрақ түрлері және оның қолданылуы атты» ашық тәрбие сағаты өтті. 

IMG_3552 IMG_3567

Аталған тақырып бойынша слайд көрсетті.