Тарихы

«Есептеу техникасы және стандарттау, сертификаттау» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

Абишов Мухтар Сайлаубаевич

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

Бас ғимарат, 3 этаж, 314 кабинет
 

Жалпы мәліметтер
5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (ҚР МЖМБС 5.03.330-2006) және 5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология» (ҚР МЖМБС 6.08.084-2010) мамандықтарын дайындау 2004- 2005 оқу жылында Оңтүстік Қазақстан Ашық Университетінің “Ғылыми- жаратылыстану пәндері” кафедрасында басталды. 2007- 2008 оқу жылында ЖОО бірігуіне байланысты Халықаралық Гуманитарлы- Техникалық Университетімен бірігіп, осы мамандықтардың (AA № 0000239) лицензиялары жаңартылып, «Техникалық- жаратылыстану пәндері» кафедрасында дайындалды. 2008 – 2009 оқу жылында кафедраның аты «Есептеу техникасы және стандарттау, сертификаттау» кафедрасы болып өзгертіліп, жоғарыда аталған мамандықты дайындау жұмысы жалғастырылды. Сонымен қатар, кафедра «Жаратылыстану- техникалық» факультетінің құрамына кірді.
Кафедраның мақсаты – материалды- техникалық базаны одан әрі жетілдіре отырып жаңа технологиялармен оқытудың инновациялық тәсілдерін қолдану арқылы 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (ҚР МЖМБС 5.03.330-2006) және 5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология» (ҚР МЖМБС 6.08.084-2010) мамандарын мемлекеттік стандарттарына сай бакалавр дәрежесінде дайындау.
Бұл мәселелерді шешу мақсатында кафедраның материалдық- техникалық базасын бұрынғы классикалық оқыту әдістерін жаңарта отырып, инновациялық әдістерді пайдаланып, оқытудың алдыңғы қатарлы технологияларын қолдануда.
Кафедраның оқу- материалдық базасы 2011- 2012 оқу жылында қайта жаңартылып, кафедрадағы лабораториялық жабдықтары алынды, 10 дана PENTIUM- 4 компьютерімен толықтырылды. Сонымен қатар студенттерге университеттің компьютерлік орталығы мен жұмыс істеуге мүмкіндік жасалған. Студенттерге INTERNET- ті пайдалануға мүмкіндік берілген. Мамандарды дайындау құрылымы ҚР жоғары кәсіби білімнің мемлекеттік білім стандарты (ҚР МЖМБС) бойынша құжаттар жинағының талаптарына сәйкес.

Оқу түрлері: күндізгі және сыртқы бөлімдер
Оқу мерзімі: 4 жыл, 3 жыл 
Мамандықтар:
5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология»,
5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
Академиялық дәрежесі:
5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология » мамандығы бойынша техника және технология бакалавры
Бітіруші түлектердің жұмыс орындары:
Әртүрлі бағыттағы мемлекеттік бақылау органдары :
- тауарлар мен сауда бойынша мемлекеттік бақылаушы инспектор;
- кеден инспекторы;
- ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы мен сатып алу бойынша мемлекеттік инспекторы;
- экологиялық және техногендік қадағалаудың мемлекеттік инспекторы;
- табиғатты қорғау бойынша мемлекеттік инспекторы;
- су ресурстарының пайдалану бойынша мемлекеттік инспекторы;
- электро қадағалау инспекцияның инспекторы;
- нан өнімдерінің, жеміс көкөністің және өнімнің сапасы бойынша инспекторы;
- ағаш материалдардың қолдануы мен сапасының бақылауы бойынша инспекторы;
- техникалық қадағалауы бойынша инженер инспекторы;
- дем беру мен сынаудан маман;
- техникалық құжаттардың маманы;

Мамандық түлектері өндірістің метрологиялық және нормативтік қамтамасыз ету құжаттарын жетілдіру және жүргізумен байланысты қызметте қосымша жұмыс жасай алады.
5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
Академиялық дәрежесі:
есептеу техникасы және бағдарламалық қамтама бакалавры
Бітіруші түлектердің жұмыс орындары:
Бұл мамандықта оқып жатқан түлектер бағдарламалық қамтамасыздандыру, жүйелік администраторлар, әртүрлі профильдегі жүйелерге бағдарламалық пакеттердің менеджерлері болып шығады.
Алынған академиялық дәреже әртүрлі көлемдегі кәсіпорындарда қабілеттілік пен білімін қолдануына мүмкіндік береді.
Жоғары білім деңгейі, елімізде жүздеген түлектеріміздің ойдағыдай қызмет етіп жүргенін растайды.
Оқытушы құрамы
Стандарттау және сертификаттау кафедрасы жоғары білікті кадрлармен жинақталған. Кафедра құрамында 3 ғылым докторы: ҚР Жаратылыстану ғылымдарының ұлттық академиясының академигі Сүлейменов М.Қ., профессор Шыныбаев М.Д., 13 ғылым кандидаты, соның ішінде 1 профессор және 6 доцент, магистр және аға оқытушылар бар. Кафедра оқытушылары барлық негізгі пәндер бойынша оқу әдістемелік материалдарын дайындаған.

Халықаралық серіктестік
Кафедра Өзбекстан Республикасының Ғылым Академиясының жалпы және бейорганикалық химия Институтымен, ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін жетілдіру Институты, біліктілігін жетілдіру ұлттық орталықтың «Өрлеу» Акционерлік Қоғамының филиалымен іскерлік байланыс жасайды.

МАМАНДАР ДАЙЫНДАУ МАЗМҰНЫ
Мамандықтың оқу жоспары әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыс-ғылыми, жалпы мамандандыру және мамандық бағыттарындағы ғылыми пәндерден түзіледі. Оқу процесі кафедраның оқытушылары мен қызметкерлері жүргізетін оқу-зерттеу, ғылыми-тәжірибелік және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарға студенттердің белсенді қатысуын қарастырады.

Байланыстар:
А. Байтұрсынов көшесі, 80
Жаратылыстану- техникалық факультеті +7 (725) 237-12-87/ 

Есептеу техникасы және стандарттау, сертификаттау кафедрасы +7 (725) 237-12-87/ 166