Тарих және география кафедрасы

Кафедра меңгерушісі: а.ш.ғ.к., доцент
 

 

Тарих және география кафедрасы университетін алғаш ашылған кезеңнен бастап, жұмыс жасап келе жатқан кафедра. Кафедра 5В011400-Тарих, 5В011600-География мамандықтары бойынша мамандар даярлайды. Алғашқыда кафедра «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасының құрамында болып жұмыс атқарып, 2005-2006 оқу жылында «Тарих, география және биохимия» кафедрасы, ал 2007 жылдан осы күнге дейін «Тарих және география» кафедрасы болып аталды. Кафедраны ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент, өз саласында біршама еңбектері бар ғалым, К.Ө.Қарабаева басқарып келеді.

Профессор – оқытушылар құрамы:
 

  1. Қарабаева Кульзария Өсерханқызы,   а.ш.ғ.к., доцент
  2. Байтур Мәдениет  т.ғ.к., доцент
  3. Бекмуратова Бибй-Айша Мамыраимовна  т.ғ.к., аға оқытушы
  4. Султанова Валида Илашбаевна  т.ғ.к., аға оқытушы
  5. Абдраимов Ербол Бимырзаұлы,  с.ғ.к., аға оқытушы
  6. Тастанбеков Мурат Мейрбекович,  т.ғ.к., аға оқытушы
  7. Сагындыкова  Балагул   Есенгелдиевна,    ә.ғ.к., аға оқытушы
  8. Мамытов  Медет   Мамытұлы  ф.ғ.к.,  аға оқытушы
  9. Төлеген Ұлзия Шымкентбайкызы,   аға оқытушы
  10. Турданова  Малика Сахатбековна,  магистр, аға оқытушы
  11. Токжигитова  Майра Ажимухамбетовна, магистр, аға оқытушы
  12. Сабирова Аманкул  Сайлаукызы,   магистр, аға оқытушы
  13. Нысанбекова Ардак Унеровна,  магистр, аға оқытушы
  14. Кадырова Фатима Мэлскызы, магистр, аға оқытушы
  15. Куандықов Сағындық Танырбергенұлы, магистр, аға оқытушы
  16. Мендиманбетова Салтанат  магистр, аға оқытушы
  17. Мукашева Ардақ  магистр, аға оқытушы
  18. Турданова Мадина Сахатбековна,  оқытушы
  19. Карабалаева Мадина Төреханкызы  лаборант

 

Кафедраның мақсаты:

Қазақстан Республикасының қазіргі замаңғы білім беруінің жалпы ұлттық мақсаты болып оның біріңғайлы әлемдік білім беру кеңістігіне енуі болып табылады. Таңдалған ғылым саласында толыққанды білім мен дағдыларды алуға даяр кәсіби кадрларды практикалық қызметке дайындау. Жеке тұлғаның барлық қабілеттерін іске асыруы болып табылады. Толыққанды және сапалы жоғары базалық білім алу, тарих ғылымы саласындағы және мектепте тарихты оқытуда біліктклігінің жетік болуы. Еліміздің мемлекеттің жаңашыл қарқынды, индустриалды инновациялық дамуын, халқымыздың зияткерлік интеллектуалды дамуын адамгершілік санасының жақсаруын қамтамасыз ету, еліміздің бәсекеге қабілетті экономикасын, әлеуметтік-мәдени дамуын, ғылыми-технологиялық дамуын қолдаудың жақсаруын қамтамасыз ету, жастардың санасына жеткізе білу.

ХГТУ-нің миссиясы – еліміздің мемлекеттің жаңашыл қарқынды, индустриалды инновациялық дамуын, халқымыздың зияткерлік интеллектуалды дамуын адамгершілік санасының жақсаруын қамтамасыз ету, еліміздің бәсекеге қабілетті экономикасын, әлеуметтік-мәдени дамуын, ғылыми-технологиялық дамуын қолдаудың жақсаруын қамтамасыз ету, жастардың санасына жеткізе білу.

5В011400-Тарих мамандығының бакалаврын даярлаудағы мақсат бұл гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласының негізгі ілімдерін; табиғат пен қоғам дамуының жалпы және жеке заңдарын; тарих ғылымындағы әр түрлі көзқарастар мен тұжырымдамаларды; өз кәсібінің мәні мен әлеуметтік маңыздылығын меңгеру; өз мамандығының іргелі пәндерінің өзекті мәселелерін білу; адамның өзіндік даралық, жеке тұлға, іс әрекет субьектісі ретіндегі бейнесін және оны зерттеудің әдістерін меңгеру; оқыту, тәрбие, қарым-қатынас және еңбек саласындағы психологиялық және педагогикалық факторлардың рөлін және қолданбалы сипаттағы мәселелерді шешу; өскелең ұрпақты тәрбиелеужолдарын игеру; педагогикалық қызметті ұйымдастыру және дамыту; білім беру үрдісін алған білімін дұрыс қолдана білу; тарихи сананы қалыптастыру және сақтау; тарих пәндері бойынша сабақтарды өткізудің жаңа технологияларын игеру;   статистикалық, ғылыми, публицистикалық әдебиет туындыларымен жұмыс істеу дағдылары; педагогикалық мәселелерді шешу барысында кәсіптік - педагогикалық және ғылыми іс - әрекеттерде, оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалауда, орта мектеп тарихының оқу бағдарламасы бойынша құзіретті сұңғыла маман болуы керек,  тарих бакалавры.

Тарих мамандығының бакалавры жалпы дүние танымдық сипаттағы жүйелі білімді; тарих ғылымының методологиясын; ойлау мәдениетін, оның жалпы заңдылықтарын; тарихты оқыту әдістемесін; тарих ғылымының білім беру процесіндегі орнын; әлемдік мәдениет тарихын; әлем халықтарының этнографиясын; ұжымды басқару әдістерін; өз мамандығының аясындағы психологиялық мәселелерді, кәсіби іс әрекетте өз білімін пайдалану саласын меңгеру қажет

    5В011600-«География» мамандығының білім беру жүйесіндегі мақсаттары мен міндеттері. Оңтүстік аймақтық ғылыми-педагогикалық, білім беру қызметкерлерінің мәдени-ғылыми жаңашылдық дамуын, халықаралық стандарт талаптарына (гуманитарлық-ғылыми- педагогикалық дамуы) индустриалды- жаңашыл бағытта қалыптастыру.  5В011600- «География» мамандығының білім беру жүйесінің негізгі мақсаты географияның саласын және терең білімді, білікті мамандар,  өз мамандығын жетік білетін, ҚР Білімді жетілдіру Мемлекеттік бағдарламасын  жүйелі дамыта алатын мамандар даярлау.

      Студенттердің алдында тұрған негізгі мақсаттар мен міндеттер: география пәнін мектеп курсы бойынша терең меңгеру: гуманитарлық (адамгершілік), экологиялық, саяси - экономикалық, әлеуметтік саланы меңгерту; өз саласын кәсіптік дәрежеде терең ұғындыру мақсатында  қазіргі заман талабына сай ақпараттық- технологияны, ғылыми зерттеу жұмыстарын басқа салалар бойынша (география, геология, экология, картография, ландшафттану, су жүйесі, сейсмология, топырақ  географиясы, туризм, экология) т.б зерттеу, білімі мен біліктілігін арттыру. Сонымен қатар студенттерді замануи география саласының екі тармағын: Ғылыми жаратылыстану бағыты (физикалық география), қоғамдық – гуманитарлық бағыты бойынша (әлеуметтік-экономикалық, саяси-географиялық) кешенді байланысты күшейту, оларға жалпы және арнайы өңдеу жұмыстарын (топографиялық түсірілімдерін карта жасау, қайта өңдеу, аудандық жобалар жасау. Мысалы: әлеуметтік және өндірістік инфраструктураларды, метеоалаңды, экологиялық соқпақтар т.б) жасауды мамандардың, ұлттық және көпұлттық  ұжымдарда, жетекшілік ете білетін, білікті білімді, қабілетті мамандарды даярлау.

 

Кафедраның оқу – материалдық базасы

География мамандықтары бойынша лабараториялық кабинеттер бар. Бакалаврияттың білім бағдарламасының жүзеге асуы әр студенттің кітапханалық қорларды, мәліметтер базасын еркін пайдалана алуын және әдістемелік құралдар мен нұсқаулардың барлық түрлерімен пәндер мен сабақ бойынша (практикум, курсттық және дипломдық жобалау, практикалар), сондай- ақ көрнекі-құралдар, аудио және видеоматериялдармен қамтамасыз етілген.

«Тарих және география» кафедрасының іс тәжірибе базалары

 

5В011400- Тарих мамандығы бойынша мынадай іс тәжірибе түрлері өткізіледі:

  1. Оқу тәжірибе (1-2 кредит)
  2. Педагогикалық іс тәжірибе (3-кредит)
  3. Диплом алды іс тәжірибе (4-6 кредит)

 

Іс тәжірибені өткізу барысында мына мектептер мен келісім шарт негізінде іс тәжірибе өткізіледі:

  1. МКМ №72 жалпы орта мектебі   Шымкент қ.
  2. МКМ № 123  жалпы орта мектебі Шымкент қ.
  3. МКМ «Ескі Иқан» жалпы орта мектебі  Туркістан қ.
  4. МКМ № 89 Л.Жолдасов атындағы  жалпы орта мектебі  Шымкент қ.
  5. МКМ № 62 Н.Төрекулов атындағы   жалпы орта мектебі Шымкент қ.
  6. Қалалық муражай және мұрағат орталығы. Шымкент қ.  

 

5В011600- География  мамандығы бойынша мынадай іс тәжірибе түрлері өткізіледі:

  1. Оқу тәжірибе (1-2 кредит)
  2. Педагогикалық іс тәжірибе (3-кредит)
  3. Диплом алды іс тәжірибе (4-6 кредит)

 

Іс тәжірибені өткізу барысында мына мектептер мен келісім шарт негізінде іс тәжірибе өткізіледі:

  1. МКМ №72 жалпы орта мектебі   Шымкент қ.
  2. МКМ № 62 Н.Төрекулов атындағы   жалпы орта мектебі Шымкент қ.
  3. МКМ Б.Нурлыбеков атындағы жалпы орта мектебі  Шымкент қ.
  4. МКМ «Елшибек Батыра» атындағы  жалпы орта мектебі Шымкент қ.
  5. МКМ № 84 «Ұшкын»   жалпы орта мектебі  Шымкент қ.

 

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстары

«Тарих және география»  кафедрасында оқу жылының басында оқу әдістемелік жұмыстардың жоспары бекітіліп, жауапты тұлғалар өз міндеттерін атқаруда. «Тарих және география» кафедрасында а.ш.ғ.к., доцент кафедра меңгерушісі болып басшылық жасайды.

«Тарих және география» кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысы келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады: оқу процесін кешенді-әдістемелік қамтамасыз ету; кафедра оқытушыларының өзара сабаққа қатынасуы; оқытудың инновациялық түрлері мен оқыту тәсілдері; оқу-әдістемелік құралдарын шығару; студенттердің өзіндік жұмыстары; ПОҚ біліктілігін арттыру. Кафедраның оқу-әдістемелік жоспарының негізінде профессорлық-оқытушылық құрам бекітілген пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер және силлабустар дайындайды.   Кафедра әдістемелік нұсқаулар дайындап, білім деңгейін жоғарылату үшін дәрістер, семинарлар, СӨЖ құрастырады. Пәндер бойынша ашық сабақтар, ғылыми әдістемелік семинар өткізілуде. Студенттердің өзіндік жұмыстарына да елеулі мән берілген. Түрлі пәндердің барлық жұмыс жоспарларында студенттердің өз бетімен оқитын тақырыптарының және бөлімдерінің сұрақтары келтірілген.

Соңғы жылдары барлық пәндер бойынша оқу бағдарламалары – силлабустар, пәндердің оқу-әдістемелік кешендері құрастырылып, электрондық түрде әрбір семестр сайын университет сайтына енгізіліп отырады. Бұл білім алушылардың оқу процесіне көмектеседі.

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы

           Базалық және кәсіптік пәндерді оқыту барысында профессорлық-оқытушылық құрам оқытудың жаңа технологияларын қолданады. Оқытушылар білім берудің белсенді оқыту түрлерін: дөңгелек үстел, дебаттар, сөз-жарыстар, конференциялар, іскерлік ойындар түрінде өткізіп, аудио- және бейне материалдарды кеңінен қолданады.

      Бұл әдістер студенттердің материалды жүйелеп, олардың аналитикалық және критикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Профессорлар мен доценттердің ашық сабақтарына қатысу негізінде жас оқытушылар тәжірибе алмасады, оқыту әдістемесін, интерактивті оқыту тәсілдерін, білім берудің инновациялық тәсілдерін үйренеді.

 

Кафедраның ғылыми жұмыстары мен жетістіктері

       Студенттердің оқытушылармен бірігіп ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 2015-2016 оқу жылы бойынша жоспарға сәйкес бекітілген аталған отырысқа кафедраның ПОҚ мен топ студенттері қатысып, әр-бір студентке бекітілген ғылыми жетекшілері ғылыми теориялық тұрғыда жарық көрген ғылыми мақалалардың деңгейі мен ұсыныстарына жеке-жеке талдау жасап, барлық мәселелер ескеріле отырып студенттерді ғылыми жұмыстармен айналысуға шақырып, жол сілтей білді.  «Тарих және география» кафедрасын меңгерушісі а.ш.ғ.к., доцент Қарабаева Кульзария Өсерханқызы бұл мәселе бойынша өз ойын айтып, әр-бір ғылыми еңбекпен шұғылдануға бет алған студентке ғылыми еңбектің түбі білімін шыңдату екенін айтты. Ғылым мен білімнің әрқашанда бірге болатынына тоқтала келіп, СҒЗЖ сәттілік тіледі. Кафедраның СҒЗЖ жауапты, магистр Нысанбекова А .Ө жоғарыда аталған мәселелерге қол жеткізу үшін, әрқашанда ерінбей еңбек ету керектігін айтып өтті. Сондай-ақ басқада кафедраның ПОҚ  барынша ат салысатыны  өз ойларымен пікірлерін айтты. СҒЗЖ белсенділерінің қатысуымен, студенттік ғылыми кеңесінің отырысын өткізу.

         Тарих және география  кафедрасы 2015-2016  оқу жылында  студенттердің ғылыми -  жұмыстарын жоспарға сай  орындап шықты. Кафедрада ай сайын, жүргізілетін кафедра  мәжілісінде кафедра жұмыстары үнемі талданып, талқыланып отырады. 2015 жылдың 2 желтоқсанында өткен «100 ҚАДАМ: НҰРЛЫ БОЛАШАҚ» атты ІV ғылыми-тәжірибелік студенттік конференцияға 8 студент ғылыми жетекшілерімен бірге қатысып, (ТХ-213 тобының студенті Құрманәлі М. ғылыми жетекшісі Нысанбекова А.Ө.ГГ-213 тобының студенті Жетпіс Д., және Құлбек А. ғылыми жетекшісі Турданова М.С., ГГ-213 тобының студенті Құлбек А. ғылыми жетекшісі Қарабаева К.У., БГ-215 тобының студенті Әлібай А. ғылыми жетекшісі Сабирова А.С., КЗ-215 тобының студенті Аманова Б. және КЗ-215 тобының студенті Жарқынбекқызы Ж. ғылыми жетекшісі Сағындықова Б., МТ-215 тобының студенті  Суннатулла А. ғылыми жетекшісі Султанова В.И.)  3 студент (Құлбек А., Құрманәлі М., Әлібай А.) алғыс хатпен марапатталды.

       Университет қабырғасында оқу, тәрбие және қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқаны үшін 5В011400-«Тарих» мамандығының 3 курс студенті Құрманәлі М. Мақтау қағазымен марапатталды. Үйірменің мақсаты студенттерді ғылыми-зерттеушілік және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметке кеңінен тарту, сондай-ақ, студенттердің бос уақытын тиімді өткізу болып табылады. « Тарих және география » секциясы бойынша төмендегідей мектеп оқытушылары мен ХГТУ студенттері өз баяндамаларын ұсынып, секция жұмысында баяндама жасайтындарын қолдады.

1.Кафедраның ғылыми – зерттеу жұмыстары жоспар бойынша жүргізіледі. Кафедрада Қолданбалы және іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстары т.ғ.к., М.Байтұрдың жетекшілігімен жүргізіледі. Кафедра оқытушылары «Жаһандану дәуіріндегі Қазақстанның саяси дамуы» тақырыбында іргелі ғылыми зерттеу жұмысы жасайды. Жетекшісі: т.ғ.к., М.Байтұр.
Осы бағытта М.Байтұр
1.«Тәуелсіз елдің төлқұжаты» тақырыбында мақаласын жариялады. (Оңтүстік Қазақстан газеті, №138-139.29.08.2015).
2.2.«Қазіргі әлемдік саясат және Жаһандық мәселелер» тақырыбында баяндама.
Кафедра ПОҚ құрамы Халықаралық, Республикалық және аймақтық конференцияларда мақалалар жариялап отырады.
2. Халықаралық, Республикалық біліктілікті жоғарылату және тәжірибе алмасу нәтижесі
Семинарларға қатысу:
- «Тарих және география» кафедрасында магистр Сабирова А.С.,аға оқытушы Төлеген Ұ. біліктілікті көтеру мақсатында «Современные тенденции развития высшего образование» тақырыбындағы 72 сағаттық дәрісін тыңдады. (Омск, 2015).
- магистр Турданова М. «Платформа базовые возможностипоиска Работа с библиографией в программе Endnote Online» тақырыбындағы Онлайн семинар Thomson Reuters.(19-29.10.2015) тыңдады.
Тарих және география кафедрасы Ғылыми зерттеу жұмыстарына, мақалаларға пікір жазу жұмыстары да өз деңгейінде жүргізіледі. Мысалға,
- т.ғ.к., М.Байтұр «Қазақ халқының материалдық мәдениеті» туралы ғылыми жұмысқа өз пікірін білдірсе,
- т.ғ.к., Қарабаева Г.Ө. ОҚМПИ «Жаратылыстану және математика» ғылыми мектебінің оқытушысы К.Қ.Нәлібаевтың «Географиядан түсіндірме сөздік» оқу құралына пікірін білдірген.
- Қ.А.Яссауи атындағы ХГТУ- дің профессоры г.ғ.к., Уразбаева А. және профессор Б.Тасболат ғылыми еңбегіне пікір білдірген.
- г.ғ.к. Курбаниязов С.К. «Карстовое месторождение баритовых руд Центрального Каратау» ғылыми мақаласына пікір жазған.

 

Кафедраның тәрбие жұмыстары

 «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті-ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, біреуінің күні жоқ біреуінсіз, ғылым сол үшеуінің жөнін білмек»,-деп Абай Құнанбаев айтқандай,  Тарих және география кафедрасы құрамы үшін бұл сөздер еңбекте қуат берер, алға жетелейтін ұрандай. Кафедраның профессор –оқытушы құрамы қайратты да ақылды, ел үшін елжірер, ер жүректі жас ұрпақ тәрбиелеуді негізі міндеті деп санайды. 2015-2016 оқу жылына арналған Тарих және география кафедрасына қарасты  5В011600 География және 5В011400 Тарих мамандықтары бойынша тәрбие жұмыстарының жоспары университеттің тәрбие  жұмысының жоспары негізіне сүйене отырып түзілді. Кафедраның тәрбие жұмысының жоспарын университет президентінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары а.ш..ғ.к. О.И.Каладинов бекіткен.

«1 қыркүйек – Білім күні» мерекесіне арналған іс-шараларға барлық оқу топтары түгел қатысып, салтанатты жиналыстың концерттік бағдарламасында өз өнерлерін көрсетті. Академиялық оқу топтарына тәлімгерлер тағайындалып, әр тәлімгер жауапкершілігіне қарасты дәрісханалар бекітілді. Студенттер оқу регламентімен, университет бекіткен GPA курстан-курсқа өту ережесімен таныстырылды. Сондай-ақ 1-курс студенттерінің ата-аналары да білім алудың кредиттік жүйесімен таныстырылды.  (Хаттамалары тіркелді). Студенттердің сабаққа қатысуы, үлгерімі деканат, тәлімгерлер тарапынан ұдайы қадағаланып, тәлімгер сағатында талданып отырды. Бірінші, екінші аралық бақылау мен қорытынды емтихандар нәтижелері талқыланап, хаттамалары тіркелді. Сонымен қатар факультеттерде тәрбие жұмыстарын жүргізу барысында төмендегідей негізгі мәселелер басшылыққа алынды:

- жеке адамның өз бетінше шығармашылық дамуы және тұрақты құлықтың эстетикалык және азаматтық көзқарасын қалыптастыру; психологиялық және педагогикалык принциптерінің ынтымақтастығы арасындағы катынастарды жетілдіру;

- азаматтыққа, адам бостандығы мен құқығын құрметтеуге, патриоттыққа, өз отанын сүюге тәрбиелеу;

-  жеке адам және этика арасындағы жоғары мәдениеттілікті қалыптастыру;

-  экологиялық мәдениет, салауатты өмір салты. құлыктык-эстетикалык, құқықтык және экономикалық мәдениет саласындағы білім беру субъектілерінің базалық міндеттерін қалыптастыру;

-  тәрбие берудің казіргі заманғы формалары мен жаңа педагогикалык технологияларды меңгерген, кәсіби жетік педагогтарды калыптастыру; қоғамдық - саяси, рухани және спортттық ортадағы аспиранттар мен студенттердің өзіндік кескіні мен өзіндік дамуы;

- түрлі дәрежедегі жастардың нығаюы, еңбекпен қамтамасыз ету. студенттік құрылыс және жастар еңбек отрядтары бағдарламасы арқылы студенттердің еңбек етуі.

Кафедрадағы топтарға тәлімгерлердің бекітілуі  туралы

Факультеттегі топтар және олардың тәлімгерлері және кафедра бойынша аға тәлімгерлер №1 хаттамамен  кафедра мәжілісінде  тағайындалды. Осы Кеңес мәжілісінде тәрбие жоспары да бекітілді. Елімізде және университетте атап өтілетін барлық мерекелік және басқа да тәрбиелік мәні бар іс-шараларды атап өту бойынша жұмыстар, сонымен қатар мамандық бағыттары бойынша маңызды тәрбиелік іс-шаралар тәрбие жоспарында ескерілді.

Әрбір топқа, топ тәлімгерлерімен бірге тазалығына, көркемділігіне жауапты етіліп оқу-дәрісханалары бекітілген.

Жоспарға сай әр топта тәрбиелік іс-шаралар өтілді, оқу жылының басында тәрбие жұмысының жоспарлары кафедрада қаралып, бекітілді. Жоспар бойынша әр тәлімгер аға тәлімгерге ай сайын есеп береді. Аға тәлімгер ай сайын кафедра мәжілісінде кафедра меңгерушісіне және факультет аға тәлімгеріне есеп беріп отырды.

         Тарих және география кафедрасында 5В011400- «Тарих»  және  5В011600- «География» мамандықтары бойынша  үйірмелер жұмыс жасайды.

Үйірменің мақсаты студенттерді ғылыми-зерттеушілік және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметке кеңінен тарту, сондай-ақ, студенттердің бос уақытын тиімді өткізу болып табылады.

     Жоспар бойынша 2015-2016жж. оқу жылындағы  Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары   бекітілген. (хаттама №1.)

    «Жас тарихшы»  атты  үйірме  Нысанбекова  А., Сабирова А.   басшылығымен жүргізіледі. Үйірме мүшелерінің құрамы 8 студенттен тұрады. «Жас тарихшы» үйірме мүшелері:  Айтенов Р., Әліпбекова Ж., Сарсенбай А., Айтжан Б., Нұрлыбай Ж., Жұмабек Ы. Құрманәлі М., Сұлтанбек М.

     «Жас географ» үйірмесі Турданова М.С. Қарабаева Г.Ө. басшылығымен жүргізіледі. Үйірме мүшелерінің құрамы 6 студенттен тұрады: Эргашбаева М. Омарбекова А. Қарсыбай Ш. Сугурова Д., Құлбек А. Жетпіс Д.

 

Жеңіс күніне орай «Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды»  тақырыбындағы студенттерінің  ұйымдастырумен өткізілген мәдени іс-шара.  Үйірме мүшелері:

Үйірме мүшелерімен «Қазіргі таңдағы діни идеологияның қалыптасуы» тақырыбындағы магистр  А.Сабированың  кезекті ғылыми семинарының өту барысы.  Онда  қоғамда қалыптасқан жағдай мен діни экстремизм төңірегінде пікірталас. (хаттама №6.  25.02.2016ж)

ә.ғ.к., Сағындықова Б.,т.ғ.к., Б.Бекмуратованың «Жастардың саяси әлеуметтенуінің маңыздылығы» тақырыбында жастардың саяси әлеуметтенуі туралы  баяндауда.

(Хаттама №3, 29.11.2015ж.)