Тарихы

                 Қазақ және шет тілдер кафедрасы

                                                                

                    Кафедра меңгерушісі – ф.ғ.д.профессоры

                          Бахадырова Сарыгүл

 

Мекен-жайы: ХГТУ, педагогикаклық факультет, 412 кабиент

e-mail: kazinyaz@mail.ru

 

Кафедра тарихы

«Қазақ және шет тілдер» кафедрасы университет құрамында 1998 жылдан бері  жұмыс жасайды.  Қазақ және шет тілдер кафедрасы университет алғаш ашылған кезеңнен бастап, жұмыс жасап келе жатқан алдыңғы қатарлы кафедра. Кафедра 5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі мамандықтары бойынша мамандар даярлайды. Сонымен қатар кафедрада барлық мамандықтарға дәріс беретін практикалық орыс тілі мамандары да қызмет етеді. Кафедра университеттегі ең үлкен кафедралардың бірі болып саналады. Алғашқыда кафедра «Қазақ тілі және педагогика», «Филология кафедрасы» болып аталды. Кафедраны алты жылдың көлемінде педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а., өз саласында біршама еңбектері бар ғалым, Л.Б. Ибраева басқарып келеді.

 

5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім беру және кәсіби мамандандыру тізімі:

Академиялық дәрежесі: 5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім бакалавры

Кәсіби қызмет саласы: Тәрбие, ұйымдастырушылық, әдеби-мәдени және көпшілік ағартушылық жұмыстары.

Кәсіби қызмет нысаны: мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдастыру, бастауыш, негізгі және бейімдеу мектеп, мамандандырылған мектептер, техникалық және кәсіптік ұйымдар, орта білім оқу орындарынан кейінгі білім беру орындары.

Кәсіби қызмет түрі:  

- білім беру (педагогикалық): қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназияларда, техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім;

- ғылыми-зерттеу: ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер,

- әдеби-шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында);

- ұйымдық-басқарушылық: орта мектептерде, гимназияларда, колледждерде және өз мамандығы саласында басқарушы қызметі;

- өндірістік және басқару: мемлекеттік органдардың, түрлі өндірістік нысандарында іс өндірісін басқару;

- редакциялық.

Кәсіби қызметінің мазмұны: 5В011700 "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша кәсіби білім беру: сапалы және жан-жақты білім беру және оқу үрдісін ұйымдастыру; педагогикалық процесті басқару, белсенді меңгеру,  оқушының өзінше білім алып дамуына ықпал жасау; білім беруде инновациялық технологияларды және белсенді оқыту әдістерін  пайдалану, қазіргі заман талаптарына және объективті заңдарына сәйкес кәсіби қызметін жоспарлау, дұрыс ұйымдастыру.

 

 

5В011900-Шет тілі: екі шет тілі " мамандығы бойынша білім беру және кәсіби мамандандыру тізімі:

Академиялық дәрежесі: 5В011900-Шет тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша білім бакалавры

Кәсіби қызмет саласы: білім беру.

Кәсіби қызмет объектілері: шетел тілдік үздіксіз және бірізді білім беретін оқу орындары болып табылады: бастауыш, негізгі және профильді мектептер; мамандандырылған мектептер; орта техникалық және мамандық саласы сәйкес келетін басқа нысандар.

5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша түлектер кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алады:

-білім беру;

-эксперименттік-зерттеу;

-ұйымдық-басқарушылық;

-әлеуметтік-педагогикалық;

оқу-тәрбие жұмыстары;

-оқу-технологиялық.

-редакторлық.

Кәсіби-педагогикалық қызметтің мазмұны:

5B011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби-педагогикалық қызметінің мазмұны: педагогикалық үрдісін сапалы түрде ұйымдастырып басқару, оқушыларды таным қызмет тәсілдерін белсенді түрде игеруіне бағыттау, білім берудің жеке бас маңыздылығы, барлық білім беру үрдісін оқушының жеке тұлғасына бағыттау, өзін-өзі бағалау және оқушылардың рефлексивтік қабілетін қалыптастыру іскерліктерін меңгеру, әр түрлі педагогикалық технологияларды қолдану, оқушылардың өзін өзі үйрету және кәсіптік бағдары үшін қолайлы жағдайларды жасау, педагогикалық істі психологиялық және әдістемелік дұрыс құру, мәдениетаралық қарым-қатынас жасау қабілет қамтамасыз ететін оқушының әлемнің инофондық бейнесін оқып жатқан тілдің көмегімен көрсете алу.

Мамандандыру: 1)  ағылшын тілі, 2)  неміс тілі