Тарихы

  1. «Педагогика және психология» кафедрасы

«Педагогика және психология» кафедрасы
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к.,аға оқытушы
Аты жөні: Өтеген Қадиша Оралқызы

Кафедра тарихы.

       Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің  Білім және ғылым саласындағы қадағалау  және аттестаттау комитеті 050103 – ««Педагогика және психология» мамандығына  АА№0000239  11.09. 2003 жылы,  050102- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»мамандығына 26.04.2004 жылы  АА№0000239  мемлекеттік лицензияға  қосымша берілді. Бұл мамандықтар 2003-2006 оқу жылдарында «Филология» кафедрасында  болды.

  2007-2008 оқу жылында ЖОО бірігуіне байланысты Оңтүстік Қазақстан ашық  университеті Халықаралық гуманитарлық – техникалық университетімен бірікті.    2008-2009 оқу жылында кафедраның аты «педагогика және психология» кафедрасы  болып  өзгертіліп, жоғарыдағы аталған мамандықтарды дайындау жұмысы жалғастырылды. Осы жылдары кафедраны  педагогика ғылымдарының кандидаты  Б.С.Дилимбетова басқарды. Сонымен қатар кафедра «Педагогикалық» факультетінің құрамына кірді.
Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің бірден бір алдыңғы қатардағы, «Педагогика және психология» кафедрасы 5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және 5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығының бакалавр мамандарын даярлайды. 2013 – 2014 оқу жылынан  бастап  кафедраны  п.ғ.к. Қ.О.Өтеген басқарып келеді.

Кафедраның мақсаты.

5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», 5В010300 – «Педагогика және психология» мамандықтары бойынша білім бакалаврының құзыреттілігін қалыптастыру, бәсекеге қабілетті болашақ мамандарды даярлау.

Кафедрадағы мамандықтардың сипаттамасы

Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетінің бірден бір алдыңғы қатардағы, Педагогика және психология кафедрасы 2016-2017 оқу жылында 5В010200-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» және 5В010300-«Педагогика және психология» мамандығының бакалавр мамандарын даярлайды. Қазіргі кезде кафедраны п.ғ.к. Қ.О.Өтеген басқарады. «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығын бітірген түлектер   «бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» бакалавры академиялық дәрежесіне ие болады. Мамандықты  нәтижелі бітірген студент-түлектер  бастауыш сынып мұғалімі,яғни жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысында, педагогикалық колледждерде, білім жетілдіру және педагогикалық кадрларды қайта даярлау институттарында,білім беру департаменттерінде, ғылыми - зерттеу орындарында жұмыс жасау мүмкіншіліктеріне ие болады. 

 Кафедрада даярланатын екінші  мамандық  5В010300- «Педагогика және психология». Аталмыш мамандықты бітірген түлектер «педагогика және психология»мамандығы  бакалавры академиялық дәрежесіне ие болады,нәтижесінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мекемелерінің барлық типтерінде, жалпы білім беретін орта мектеп жүйесінде, соның ішінде лицейлер, гимназиялар, шағын комплектілі мектептерде, санаторилік мектептерде, спорт мектептерінде, балалар үйінде,арнайы түзету мекемелерінде, бастапқы кәсіби білім беру мекемелерінде,орта кәсіби білім беру мекемелерінде педагог - психолог қызметін  атқара алады.

Кафедраның оқу- материалдық базасы

 Кафедра меңгерушісінің кабинеті 408 Б, Оқытушылар кабинеті 408 А
«Педагогика және психология» кафедрасына қарасты аудиториялар:

401,404- психология, 415-педагогикалық шеберлік, 417- этнопедагогика, 420- педагогика, 424-бастауыш    оқытудың педагогикасы мен әдістемесі бойынша жабдықталған. №404, 420 аудиторияларда интерактивті тақталар орналасқан, интерактивті тақта арқылы оқытудың инновациялық технологиялар негізінде   сабақтар жүргізіледі.Сонымен қатар кафедрада  «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының  студенттеріне №418«Жас  талап» және  «Педагогика және психология» мамандығының студенттеріне №406 «Жас педагог- психолог»»атты студенттік  үйірме кабинеттері бар.Онда  оқытушы магистрлер  Асқарқызы Дилфуза мен Нурмахамбетова Асел Алишерқызы   студенттерге  ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша  бағыт бағдар береді.

Кафедра  оқытушыларының студенттермен үйірмедегі семинар жұмыстарын талқылауда

Кафедра оқытушысы Д.Асқарқызы педагогикалық іс-тәжірибені талқылау барысында

 

 

Д.Асқарқызы педагогика пәнінен практикалық сабақ өткізу үстінде.

Кафедра оқытушылары бір – бірімен тәжірибе алмасуда.