Экономика және заң факультеті

Факультет деканы
Көкенова Айғаным Тұрдықызы
Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент
Бас ғимарат, 2 этаж, 211 кабинет, Экономика және заң факультеті
Телефон: 8(7252) 37-12-87 (108)
e-mail: aiganymk@mail.ru
 

Факультет ережесі

 

Экономика және заң факультеті Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің құрамында жұмыс жасайды. Өз кезегінде Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті 1998 жылдың сәуір айының 4 жұлдызынан Оңтүстік Қазақстан университеті, 2003 жылдың шілде айының 8 жұлдызынан Халықаралық Ашық университеті, 2003 жылдың тамыз айының 22 жұлдызынан Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті аталып, үздіксіз жұмыс жасап келеді.

Экономика және заң факультеті бакалаврлар мен магистранттарды 4 мамандық бойынша дайындайтынын және қабылдайтынын хабарлайды:

1. 5В030100 – “Құқықтану” (бакалавриатура)
2. 5В050600 – “Экономика” (бакалавриатура)
3. 5В050800 – “Есеп және аудит” (бакалавриатура)
4. 5В050900 – “Қаржы” (бакалавриатура)

5. 6М050600 – «Экономика» (магистратура)

Мамандарды дайындау келесі кафедралар базасында жүргізіледі:
бітіртуші кафедралар
• Құқықтану
• Экономика
• Қаржы және есеп
және жалпы білім беретін кафедралар
• Информатика және математика
• Химия, биология және экология,
• Шет тілдер

Факультет қызметкерлері оқу-әдістемелік, ғылыми–зерттеу және қаржылық-шаруашылық жұмыстарын белсенді жүргізіп тұрады.
Факультеттің зертханалық базасы, аудиториялық қоры, білім берудің прогрессивті технологияларын және әдістемелік қамтылуын пайдалану сабақты жоғары білім стандарттарына сәйкес деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді. Жұмыс оқу жоспарлары мемлекеттік құрамнан басқа кадрға негізгі тапсырыс берушілердің ұсыныстарын тұрақты қадағалауда қамтамасыз ететін университеттік компоненттен тұрады.

Факультеттің ғылыми-зерттеу тақырыбы: «ОҚО-ның үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының экономика-құқықтық аспектілерінің негізгі бағыттарын әзірлеу»
Зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары.
1. ОҚО-ның әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясын талдау және оны жетілдіру жолдары.
2. ОҚО-ның индустриалды-инновациялық дамуын қамтамасыз ету механизмін жетілдіру.
3. ОҚО индустриалды-инновациялық дамуының заңды-құқықтық аспектілерін жетілдіру..

Факультет бакалаврлары мен магистранттары оқу барысында экономика, есеп және аудит, қаржы, құқықтану салаларында терең білімдер алады, қазіргі деңгейдегі есептеу техникасымен жұмыс істеу дағдыларына ие болады (онын ішінде 1С-бухгалтерия бағдарламасы, клиенттің несие- және төлемқабілеттілігін талдау бағдарламалары және т.с.с.) сондай-ақ халықаралық ғылыми конференцияларға, факультет кафедраларының ғылыми жобаларына белсене араласады. Көптеген бітірушілер жақсы тілдік дайындық алады, бұл оларға шет елдердің өкілдіктері мен фирмаларында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Факультет бітірушілері практикалық түрде Қазақстанның барлық банктерінде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, кедендік, сот, прокуратура және ішкі істер департаменттерінде, ғылыми-зерттеу жобалау институттарында және еліміздің экономика салалық кәсіпорындарында, сондай-ақ жақын, алыс шетелдерде жұмыс істейді және олардың көпшілігі еңбек қызметінде үлкен жетістіктерге жетті. Мысалы: факультеттің және кафедралардың бітірушілері: Сұлтанғалиев Т.Қ. – Комитет государственных доходов МФ РК, Тілеубердиев Т. – «Аманат СтройСнаб» ЖШС-нің директоры, Жусупова А. – «Шымкент қаласы білім бөлімінің» есепшісі және т.б.