2016 жылдың 24 қараша айының жұлдызында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған дөңгелек стол өтті.

Кафедраның профессор және оқытушылар құрамы мен «Құқықтану» мамандығының студенттері қатысқан дөңгелек столда кафедра меңгерушісі з.ғ.к., аға оқытушы У.К Сартбаева ашып, айтулы іс-шараның басталуымен құттықтады.

Университетте 16-17 қараша күндері Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Қазақстан –ХХІ ғасырдың бітімгері» атты ғылыми-тәжірибелік студенттік конференция өтті. Конференцияда төмендегідей секциялар жұмысы жасады:

      Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлауға сәйкес «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен құқық магистрі, аға оқытушы Алимкулова Акмарал Садуакасовна 2016 жылы 24 қараша күні «Елдің асыл тірегі ата заң» тақырыбында дәрәс өтті.

Ұйымдастырушы «Құқықтану» кафедрасының ОПҚ

             Дәріс тақырыбы:

       «Елдің асыл тірегі ата заң»

Дайындаған: құқық магистрі, аға оқытушы 

                                                  А.С. Алимкулова

2016 жылдың 17 қараша күні «ҰҒТАО» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалының директоры, техника ғылымдарының кандидаты Ержанов Н.Ә. университеттің профессор оқытушылар құрамына Thomson Reuters компаниясының Web of Sсience шетелдік деректер қоры бойынша «Журналды іріктеу: импакт-факторы бар журналдарды қалай табу және алақол басылымдардан сақтану» тақырыбында практикалық семинар-тренинг өткізді.

2016 жылдың  16-17 қараша күндер аралығында «Құқықтану» секциясы  бойынша «Қазақстан XXI-ғасырдың бітімгері» атты ғылыми –тәжірибелік студенттік конференция өтті.

Қатысқандар: секция төрайымы магистр, аға оқытушы Сарсенова М.М, з.ғ.к., Сартбаева У.К., з.ғ.к., Исмаилов А.А., з.ғ.к., Гасанов А.А ., Маймақова А.Б., Алимкулова А.С., з.ғ.к., Оразалиева А.М, з.ғ.к., Нурымбетов А.А, Садикова Д.Н., Қаныбеков А.Ш., Абсаматова Э.О., Сабирова А.И және т.б.

 

Университетте 2 қараша 2016 жылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Кәсіби құзіреттілік жолы және функционалды сауаттылық» атты семинар өтті. Семинарға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы  акционерлік қоғамының филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттының аға оқытушылары Серикова Б. және Шораева Ұ.Б., сонымен қатар университеттің оқытушылары мен мектеп мұғалімдері қатысып, сын-пікірлерін білдіріп, тәжірибе алмасты.

Оңтүстік Қазақстан облысының Тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы «Педагогикалық» факультетінің 1 курс студенті Үсен Наурыз Талғатқызы 2016 жылдың қараша айының 22-25 аралығында Маңғыстау облысы Тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өтетін  Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Маңғыстаудың төл перзенті Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығына арналған «Аңызға айналған абыз» көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауына барады.

2016 жылдың 10 қазан күні сағат 15:30-да облыстық орыс драма театрында облыс әкімінің қатысуымен Оңтүстік Қазақстан облысындағы мүгедектердің тұрмыс-тіршілігін жақсарту және  оларға көмектесу мақсатында «БІЗ БІРГЕМІЗ» қайырымдылық акциясына 5В010200«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», 5В010300«Педагогика және психология» мамандықтарының 1-курс  студуденттері топ тәлімгері Д.Асқарқызының басшылығымен өткізілген іс-шара куәгері болып қатысып қайтты.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары мемлекеттік органдардың жұмысымен танысты және әлеуметтік саланың маңызды бағыттарының жай-күйін бағамдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.

Білім және ғылым министрлігіндегі кездесуде жалпы орта білім беру бағдарламасына үштілділікті енгізу, 12 жылдық білім беруге көшу, ҰБТ-ның тың үлгісі, біртіндеп біртекті біріккен мектепке өту қалай жүзеге асырылады, кәсіби және техникалық білім беруді дамыту, жоғары білім сапасын арттыру және басқа да өзекті тақырыптар қозғалды.

Білім күні ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев  Астана қаласындағы №70 мектеп-лицейінде болды. Ұстаздарды, оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, министр мемлекет тарапынан сапалы білім алуға барлық жағдай жасалып жатқандығын айтты. Салтанатты шарадан кейін Е.Сағадиев мектептің робототехника және арнайы жабдықталған медиа сыныптарымен танысты. Сонымен қатар ол 1-сынып оқушыларының алғашқы сабағына қатыстып, оқуларына табыс тіледі.

http://edu.gov.kz

Pages