2017 жылдың 20 қазан күні университетіміздің Жастар комитеті мен студенттік ретораттың ұйымдастыруымен 1-курс студенттеріне арналған «Қош келдің студент» тақырыбында тұсаукесер кеші өтті. Кешті университет президентінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.М.Бердалиева ханым студенттерді құттықтап, белсенді студенттерге университет кілті мен сынақ кітапшаларын табыстады. Кештің соңы мерекелік концертпен жалғасты. Жалпы тұсаукесер кеші студент жастардың көңілдерінен шықты.

2017 жылдың 20 қазан күні Жастар комитеті мен студенттік ректораттың ұйымдастыруымен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мектеп оқушыларының бес күндік оқу жүйесіне көшудің пайдасы мен зияны» тақырыбында «Педагогика» және «Жаратылыстану-техникалық» факультеттері арасында пікірсайыстан (дебаттан) жарыс өтті. Қатысушы командалар өздерінің білімділігімен, алғырлығымен, ораторлық қасиеттерімен ерекшелді. Қос команда да өз ұстанымдарын жоғарғы деңгейде қорғап шыға алды.

2017 жылдың 18 қазан  күні «Экономика» кафедрасының тәрбие жұмыстарының жоспары бойынша   Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына  “Қазақстанның үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік „ атты  Жолдаудың  негізгі ережелерін талқылау бойынша студенттер мен профессор-оқытушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

  2017 жылдың 13 қазан  күні университеттің  оқу ісі  жөніндегі проректоры, доцент М.Е. Сабырова «Студентке орталықтандырылған  білім беру, оқыту және бағалау принциптері мен технологиялары» атты семинар өткізді.  «Құқықтану»  кафедрасына  семинарға  ПОҚ белсенділік танытып, қатысты. Семинар соңында  сертификат  табысталды. Атап айтқанда  з.ғ.к. У.К. Сартбаева және магистр, аға оқытушы А.С. Алимкуловалар  сертификатқа ие болды.

2017 жылдың 12-13 қазан күндерінде университет пен Оңтүстік Қазақстан облысының сотының арасындағы Меморандумға сәйкес 5В030100-«Құқықтану»  мамандығының 2 және 3-курс студенттері  Әл-Фараби аудандық сотындағы   ашық сот процессіне қатысып  және  іс-тәжірибеден  білімін шыңдауға ат салысты.

12 қазан куні 2017 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жастар арасында насихаттап, жүзеге асыру мақсатында ҚР Парламенті мәжілісінің экс депутаты, қоғам қайраткері О.Асанғазиевамен «Әлемді мойындату рухани жаңғырудан басталады» тақырыбында  Педагогикалық факультетінің  ШТ-216 тобының студенттерімен кездесу өтті.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында университетіміздің Жастар комитеті мен студенттік ректораттың ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшудің артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында «Экономика және заң» мен «Спорт және өнер» факультеттерінің арасында пікір сайыстан жарыс өтті.

                  Бүгін  11.10.2017ж.сағ 11/00-де «Нұрсат»шағын ауданында Отырар кітапханасында «Алаш»қозғалысының құрылғанына 100-жыл толуына орай өткізіліп жатқан «Азаттықты аңсаған арыстарым ардақты» атты облыстық шығармашылық байқау өтті.Аталған іс-шараға біздің университетіміздің филология факультетінің  КЗ-215,КЗ-216 топтарында білім алып жатқан студенттер толық қатысты.Азаттыққа қолымыздың жеткені  кешегі күннің «Алаш »азаматтарының арқасында болса, еліміздің бүгіні мен ертеңі жастардың қолында екенінде айта кету керек.

7 қазан күні облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қаладағы балалар мен жасөспірімдерге арналған ел аумағындағы халықаралық талаптарға сай келетін алғашқы бокс мектебінің ашылу салтанатына қатысты. Осы жиынға облыстық бокс федерациясының құрметті президенті, бокстан спорт шебері «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Сейдахмет Қонақбаев қатысты. Енді №5 спорт мектебі әлемдік кеңістіктегі спорттық шараларды қабылдау мүмкіндігіне қол жеткізді.

2017 жылы 05 қазан  - Ұстаздар күнімен  Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің  ұжымына  Быковский №54 корпусында  мерекелік іс шара  ұйымдастырылды.

   Университет ректоры т.ғ.д., профессор Б.Н. Қорғанбаев  Ұстаздар мерекесімен құттықтап алғыс білдірді.

Кафедра меңгерушісі з.ғ.к. У.К. Сартбаеваға ректор  алғыс хатпен марапаттады.

Pages