«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы меңгерушісі, т.ғ.к., доцент, бокс пен самбодан КСРО  спорт шебері, қазақ күресінен ҚР спорт шебері Сейдахмет Қонақбаев жайында «Оңтүстік Қазақстан» облыстық  қоғамдық-саяси газетінде көлемді мақала жарық көрді.   
     «Ұлт мүддесі жолында шаршы алаңда да, шаршы алаңнан тыс жерде де аянып қалмаған арыстан жүректі»  азаматпен сұхбатты газеттің 27 қаңтар 2018 жылғы №16-17 санынан  оқи аласыз. 

  

2017 жылдың 14-қазанында «Сырдария» университетінде өткізілген І халықаралық форум өткізілді. "Болашақтағы білім беру" форумға университеттің ректоры, тех.ғ.д., профессор Қорғанбаев Бауыржан Ноғайбайұлы қатысты. Форумның алғашқы бөлімінде келген қонақтар мен қатысушылар баяндама жасап, өтіп жатқан шараның маңызы ерекше екенін атап өтті. Бұл форумның мақсаты – халықаралық білім берудің бірыңғ айлығын қалыптастыру және сапалы білімге қол жеткізу.

Құрметті  Ысқақ Бегман Саттарұлы!

Халықаралық гуманитарлық- техникалық университетінің атынан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хаты және «Тіл жанашыры» құрметті белгісімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. 

                2017 жылдың қараша айының 27-30 жұлдызы күндері Астана қаласында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті –Елбасының Кітапханасы» мемлекеттік мекемесі мен «Тіл жанашыры» қоғамдық ұйымының бірлесе отырып елімізде мемлекеттік тілдің насихаттауына белсенді үлес қосып жүрген азаматтарға арналған «Тіл жанашыры» құрмет белгісін табыс ету салтанатты рәсімге университеттің профессоры, п.ғ.к., Бегман Ысқақ қатысты. Сол салтанатты рәсімде п.ғ.к., профессоры Бегман Ысқақ  мырзаға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хаты және «Тіл жанашыры» құрметті белгісімен марапатталды. 

2017 жылдың 21-22 желтоқсан  күндері аралығында өткен «Қазақстан – рухани жаңғыру жолында: дамуы мен келешегі» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік  конференция өткізілді. Конференцяға 20 мақала берілді.
  «Құқық саласындағы әлеуметтік өзекті мәселелері» секциясының ашылу салтанатымен секция төрайымы заң ғылымдарының кандидаты У.К. Сартбаева құттықтау сөзін жолдап секция жұмысын ашты және баяндамашыларға регламент  10 минуттан бекітті.
        Ашылу салтанатына сәйкес  «Экономика және заң»  факультетінің  деканы 

2017 жылдың қазан айында  «ZIAT» Ғылыми – әдістемелік орталығында  VII Республикалық оқушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстар сайысында студенті жоғары жетістікке қол жеткізіп, жүлдегер атанғаны үшін 
1.    Сартбаева Улданай Карахановна.,
2.    Алимкулова Ақмарал Садуакасовна дипломмен марапатталды.

   

2017 жылдың қазан айында «Құқықтану» кафедрасының студенттеріне республикалық деңгейдегі  Астана қаласы, «ZIAT» Ғылыми – әдістемелік орталығында  VII Республикалық оқушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстарын қашықтықтан өткізілген конкурсқа алты студенттің ғылыми еңбектері жіберілді.Атап айтқандда
1. Збанова Сандуғаш Маратқызы - 4 курс, ЮР-114 тобы тақырыбы: «Адам құқықтары мен бостандықтарының  құқықтық даму тарихы» атты ғылыми жұмысы жіберіліп,  ғылыми жетекшісі: з.ғ.к. Сартбаева Улданай Карахановна болып бекітілді.

04.11.2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Тарих  және география » кафедрасының аға  оқытушысы  Төлеген Ұлзияның  ұйымдастыруымен  «Жас  тарихшы» және  «Жас географ» үйірмесінің  белсенді студенттерімен  бірге «Оңтүстік тарихы »  атты  «Атамекен » туристік жорығын жасады.

              Ұлы дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру   саясаты  аясында  болған  бұл саяхаттың  жастарға  берері  мол.

Pages