2018 жылы 27 ақпан күні сағат 11:00-де Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында жас отбасылар арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шараға қалалық ЖКҚ бөлімінің маманы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкінің менеджері қатысты. Баспаналы болу жолдарын талқыға салып, жиналған жас отбасыларының тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

2018 жылдың 24 ақпан күні сағат 10:00-де Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Бәйдібек би көшесінде орналасқан Дендросаябақта «Ауласы бірдің ауасы бір» атты сенбілік жұмыстарына университетіміздің белсенді студент жастары мен «Ел патриоты» еріктілер ұйымының жастары белсене қатысты.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттай отырып, жастарды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу және эстрадалық ән орындау өнерін дамыту, жаңа эстрадалық әндерді халық арасында кеңінен насихаттап жас талант иелерін және облыстағы мәдени іс-шара жүргізушілерін анықтау оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған облыстық «АРАЙ – 2018» жас эстрада әншілері байқауының ақтық кезеңіне жолдама алған университетіміздің  студенті Джунусалиева Әлима  Мамырқызына Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы мен белсенді студент жастар қолдау көрсетті.

 

2018 жылдың ақпан айының 17-18 жұлдызында Түркістан қаласында А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті «AYU DEBATE» дебат клубының ұйымдастыруымен «Болашағымыз бірлікте» атты ІІ Республикалық Ясауи дебат турнирі болып өтті. Жалпы турнир АПФ және ЛД форматта, 4 қарар бойынша өтті. Аталған турнирге университетіміздің «Азаттық» дебат клубы қатысып, жоғары деңгейде қатысқаны үшін арнайы сертификатпен марапатталды.

Елбасы өзінің халыққа жолдауы «Қазақстан - 2050» бағдарламасында «Салауатты өмір салты» туралы нақты айқындап көрсетіп берді. Болашақ Қазақстанның жастары салауатты да, тәрбиелі, шыныққан да шымыр, экологиялық сауатты, ауасы таза, көкжелекті дамыған елде тұруы керек»- деп айтып өткен. Нашақорлық – ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге салауатты өмір сүре білуге ат салысуға тәрбиелеу.

 

Еңбегі биік елордадан келген  «Н.Назарбаев Дәуір, Тұлға,Қоғам» осынау ерекше атау берілген көрме Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтті. Көрменің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Тәуелсіз Қазақстанның тарихи өміріндегі рөлін жүйелі түрде кеңінен көрсету.

Шымкент қаласы, Қаратау аудандық  «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен ішкі саясат бөлімі және студенттердің қатысуымен Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Шара барысында «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы, Ауған соғысы ардагері Қайрат Қалмұрзаев сөз алып: «Қазіргі бейбіт заманда өмір сүріп жатқан жастарға ауған соғысы қатысушыларының ерлік істері ел есінде, ондай соғыс болмасын, кейінгі ұрпақтың басына бермесін деп» деп - ардагер ұстаз жүректен шыққан лебізін білдірді.

«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы меңгерушісі, т.ғ.к., доцент, бокс пен самбодан КСРО  спорт шебері, қазақ күресінен ҚР спорт шебері Сейдахмет Қонақбаев жайында «Оңтүстік Қазақстан» облыстық  қоғамдық-саяси газетінде көлемді мақала жарық көрді.   
     «Ұлт мүддесі жолында шаршы алаңда да, шаршы алаңнан тыс жерде де аянып қалмаған арыстан жүректі»  азаматпен сұхбатты газеттің 27 қаңтар 2018 жылғы №16-17 санынан  оқи аласыз. 

  

2017 жылдың 14-қазанында «Сырдария» университетінде өткізілген І халықаралық форум өткізілді. "Болашақтағы білім беру" форумға университеттің ректоры, тех.ғ.д., профессор Қорғанбаев Бауыржан Ноғайбайұлы қатысты. Форумның алғашқы бөлімінде келген қонақтар мен қатысушылар баяндама жасап, өтіп жатқан шараның маңызы ерекше екенін атап өтті. Бұл форумның мақсаты – халықаралық білім берудің бірыңғ айлығын қалыптастыру және сапалы білімге қол жеткізу.

Pages