04 шілде 2018 жылы «Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтары және конституциялық құқықтың қазіргі заманғы проблемалары»  тақырыбындағы «Құқықтану» мамандықтары студенттері арасында эссе жазудан республикалық конкурстың бірінші кезеңіне қатысып, «Республиканың Президенті – Конституцияның мызғымастығының, адам және  азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі» сексиясы бойынша үздік эссе жазғаны үшін  Рустембекова Фариза  Сейлханқызын  және  «Қазақстандық патриотизм – конституциялық құндылықтың мазмұны және оны қамтамасыз ету құралдары»

29 маусым 2018 жылы 5В030100- Құқықтану мамандығының студенттері  Түркістан облысының әкімі  Ж.Түймебаев мырзаның қолынан үздік диплом және  алғыс хатпен Збанова Сандуғаш Маратқызы, Үсіпәлі Абылайхан Медетұлы марапатталды.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында дайындалған алғашқы 17 кітапты Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің кітапхана қызметкерлері және профессор-оқытушылар құрамы мен бірге әлемдік деңгейдегі ғылымның, білімнің озық жетістіктерін меңгеру, саясаттанушылардың, әлеуметтанушылардың еңбегіне талдау жасау кезеңі .

      Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай білім беру  ұйымдарының  педагогтері мен оқушылары арасында өткен «Ұлағатты ұстаз, дарынды шәкірт» атты республикалық байқауында жетекшілік көрсеткен  Сартбаева Улданай Карахановна   диплом және төсбелгімен марапатталды.

Университетіміздің студенттерінің алғырлығын, зеректігін, білімділігін шыңдау мақсатында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жастар комитеті» мен «ХГТУ best» дебат клубының ұйымдастыруымен университетімізде дебаттан «Ректор кубогі» сарапқа салынған турнир болып өтті. Аталған турнирге алты команда қатысып, жүлдені сарапқа салды. Турнир АПФ және ЛД форматта өтті. Турнир соңында «Әл-Фараби жастары» командасы үздік шығып кубок және алғыс хатпен  марапатталды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорылыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті тарапынан жоғарғы оқу орындарының бітіруші түлектерімен семинар жұмыстарына университетіміздің белсенді студент жастарымен қатар бітіруші түлектер қатысты.

Семинардың мақсаты – ЖОО түлектерінің мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет мектебіне үміткерлер тобын қалыптастырып, олардың мемлекеттік қызметке орналасуына ықпал жасау.

Экономика кафедрасының  профессоры,  э.ғ.д.  Б.Ш. Сыздыков «Кәсіпкерлік» (лекция) пәнінен «Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі» тақырыбында ЭК-115 тобына және Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы университетінің студенттеріне онлайн дәріс өткізді.

 

Жастар комитеті мен белсенді студент жастардың ұйымдастыруымен университетімізде «Армысың әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Шара барысында университетіміздің ректоры Қорғанбаев Бауыржан барша жиналған жастар мен профессор-оқытушылар құрамын құттықтап, тұсаукесер рәсімін өткізді. Спорттық сайыстардың бірнеше түрінен (арқан тартыс, асық, қол күрес, кір тасын көтеру, футбол) жарыстар болып өтті. Жарыс жеңімпаздары арнайы грамоталармен марапатталды. Жоғарғы дәрежеде өткен шара жиналған қауымдардың көңілінен шықты.

     2013 жылы 13 наурыз күні «Құқықтану» мамандығының ЮР-117,127,

 ЮР-116,126,136, ЮР-115,125 топтарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жиырма жылдығы»  атты іс-шара топ эдвайзерлерімен және тәрбие бөлімінің  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-әрбір азаматтың міндеті»  атты тақырыпта дөңгелек үстел және тәлімгерлік сағат өтілді.

Pages