Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай білім беру  ұйымдарының  педагогтері мен оқушылары арасында өткен «Ұлағатты ұстаз, дарынды шәкірт» атты республикалық байқауында жетекшілік көрсеткен  Сартбаева Улданай Карахановна   диплом және төсбелгімен марапатталды.

Университетіміздің студенттерінің алғырлығын, зеректігін, білімділігін шыңдау мақсатында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жастар комитеті» мен «ХГТУ best» дебат клубының ұйымдастыруымен университетімізде дебаттан «Ректор кубогі» сарапқа салынған турнир болып өтті. Аталған турнирге алты команда қатысып, жүлдені сарапқа салды. Турнир АПФ және ЛД форматта өтті. Турнир соңында «Әл-Фараби жастары» командасы үздік шығып кубок және алғыс хатпен  марапатталды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорылыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті тарапынан жоғарғы оқу орындарының бітіруші түлектерімен семинар жұмыстарына университетіміздің белсенді студент жастарымен қатар бітіруші түлектер қатысты.

Семинардың мақсаты – ЖОО түлектерінің мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет мектебіне үміткерлер тобын қалыптастырып, олардың мемлекеттік қызметке орналасуына ықпал жасау.

Экономика кафедрасының  профессоры,  э.ғ.д.  Б.Ш. Сыздыков «Кәсіпкерлік» (лекция) пәнінен «Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі» тақырыбында ЭК-115 тобына және Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы университетінің студенттеріне онлайн дәріс өткізді.

 

Жастар комитеті мен белсенді студент жастардың ұйымдастыруымен университетімізде «Армысың әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Шара барысында университетіміздің ректоры Қорғанбаев Бауыржан барша жиналған жастар мен профессор-оқытушылар құрамын құттықтап, тұсаукесер рәсімін өткізді. Спорттық сайыстардың бірнеше түрінен (арқан тартыс, асық, қол күрес, кір тасын көтеру, футбол) жарыстар болып өтті. Жарыс жеңімпаздары арнайы грамоталармен марапатталды. Жоғарғы дәрежеде өткен шара жиналған қауымдардың көңілінен шықты.