«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы меңгерушісі, т.ғ.к., доцент, бокс пен самбодан КСРО  спорт шебері, қазақ күресінен ҚР спорт шебері Сейдахмет Қонақбаев жайында «Оңтүстік Қазақстан» облыстық  қоғамдық-саяси газетінде көлемді мақала жарық көрді.   
     «Ұлт мүддесі жолында шаршы алаңда да, шаршы алаңнан тыс жерде де аянып қалмаған арыстан жүректі»  азаматпен сұхбатты газеттің 27 қаңтар 2018 жылғы №16-17 санынан  оқи аласыз. 

  

2017 жылдың 14-қазанында «Сырдария» университетінде өткізілген І халықаралық форум өткізілді. "Болашақтағы білім беру" форумға университеттің ректоры, тех.ғ.д., профессор Қорғанбаев Бауыржан Ноғайбайұлы қатысты. Форумның алғашқы бөлімінде келген қонақтар мен қатысушылар баяндама жасап, өтіп жатқан шараның маңызы ерекше екенін атап өтті. Бұл форумның мақсаты – халықаралық білім берудің бірыңғ айлығын қалыптастыру және сапалы білімге қол жеткізу.

Құрметті  Ысқақ Бегман Саттарұлы!

Халықаралық гуманитарлық- техникалық университетінің атынан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хаты және «Тіл жанашыры» құрметті белгісімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз.